Яссы Бітім Шарты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Яссы Бітім Шарты, орыс - түрік соғысынан (1787 – 91 жылдары) кейін 1792 жылы 9 қаңтарда Яссы қаласында жасалды. Яссы Бітім Шарты бойынша Ресей мен Осман сұлтандығы арасында жаңа шекаралар белгіленді. Оңтүстік Буг пен Днестр өзендерінің аралығындағы жер Ресейге өтті. Молдавия мен Валахия Түркияға қайтарылды. Түркия Ресей шекараларына тиіспеуге және Грузия мен Кубань жеріне шабуыл жасамауға міндеттенді. Яссы Бітім Шарты Ресейдің Қара теңіздегі жағдайын нығайтып, сауда жолын қауіпсіздендірді. [1]