From Wikipedia, the free encyclopedia
Валахия (рум: Ţara Românească — румын жері; валаш: Цѣра Рȣмѫнѣскъ) — Румынияның оңтүстігіндегі Карпат таулары мен Дунай өзенінің аралығында орналасқан тарихи аймақ. Ежелгі тарихы б.з.б. II ғ-дан бастап хатқа түскен.
106 ж. бұл өңірді Рим империясы жаулап алады.
Валахияға III ғ-дан бастап готтар мен гепиттер, IV – VI ғ-ларда ғұн және авар, VI ғ-да славян тайпалары келіп, қоныстана бастады.
Бұл тайпалар жергілікті тайпалармен араласып, христиан мәдениетін қабылдады да, VIII — X ғ-ларда шығыс роман тілдерінің бірінде сөйлейтін влах (волох) халқы ретінде қалыптаса бастады. XI ғ-дан бастап Валахияға печенек (бесене), қыпшақ, т.б. көшпелі тайпалар дүркін-дүркін шабуыл жасап тұрды. XIII ғ-дың орта тұсынан Алтын Орда хандарына бағынышты болды. 1324 ж. дербес мемлекет болып құрылды.
XV ғ-дан бастап Түрік сұлтандығына жартылай, XVI ғ-дан толық бағынышты болды. 1828 — 29 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін уақытша Ресейге (1829 — 34) бағынды. 1848 ж. Батыс Еуропадағы революциялардың әсерімен ұлт-азаттық толқулар болып өтті.
1858 ж. өткен Париж конвенциясының шешіміне орай 1859 ж. 5 қаңтарда Валахия мен Молдово қосылып біртұтас мемлекетке айналды да, 1861 жылдан бастап Румыния деп атала бастады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.