Ямал
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ямал (ненец тілінде ямал – жер шеті; я – жер; мал – шет) – Батыс Сібірдің солтүстігіндегі түбек. Ресейдің Ямал - Ненец автономиялық округінде. Қара тенізінің Байдара және Обь қолтықтарының аралығында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 700 км-ге созылған, ені 240 км-ге дейін. Ауданы 122 мың км2 шамасында. Жағасы түзу сызықты, аз тілімделген. Жер беті ойпатты жазық, солтүстік бөлігі Қара тенізінің деңгейінен 50 – 60 метрге көтерілген, оңтүстік - батысында абсолюттік биіктік 100 метрге жетеді. Жазық негізінен төрттік кезеңнің бореалдық теңіз шөгінділерінен тұрады. Орта тұсында флювиогляциалдық және өзен - көл шөгінділері басым. Оңтүстігінде жоғары төрттік кезеңнің мореналық, флювиогляциалдық шөгінділері сақталған. Климаты арктикалық және субарктикалық Қаңтардың орташа температурасы –20 – 260С. Жазы салқын. Шілденің орташа температурасы 5 – 100С. Жылдық жауын - шашын мөлшері 240 – 250 мм. Көп жылдық тоң жаппай таралған. Өзен торы жиі, қысқа өзендер батпақтар мен көлдерді бір - бірімен жалғастырады. Солтүстігін арктикалық тундра, орталығын мүкті - қыналы тундра және бұталы тундра, оңтүстігін орманды тундра қамтиды. Арктикалық, глейлі тундра, глейлі күлгін және шымтезекті - батпақты топырақ түрлері таралған. Теңіз жағалауында және өзен аңғарларында шөпті және гипнумды - шөпті батпақтар жайылған. Бұғы жайылымдары кең алқап құрайды. Теңіз жағалауының тұрғындары балық және аң аулаумен айналысады. Ямалда аса ірі газ кен орындары ашылған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.