Шымшық

From Wikipedia, the free encyclopedia

Шымшық

Шымшық (лат. Carduelis spinus) – торғайтәрізділер отрядының құнақ тұқымдасына жатады.

Quick Facts Шымшық, Амандық күйі ...
Шымшық
Еркек
Еркек
Ұрғашы
Ұрғашы
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Fringillidae
Тегі: Carduelis
Түрі: C. spinus
Екі-есімді атауы
Carduelis spinus
(Linnaeus, 1758)
     Жазда      Жыл бойы      Қыста
     Жазда      Жыл бойы      Қыста
Close
Carduelis spinus

Қазақстанда Көкшетау қыратында тараған, кейде Қарқаралы, Кент аймақтарында кездесіп қалады. Шыршалы және аралас ормандарды мекендеп, су айдындарына жақын жүреді, қайыңды, қандыағашты тоғайларда қоректенеді. Қанатының ұзындығы 70 мм, салмағы 13 г-дай. Аталығы жасыл сарғыш түсті, оның төбесінде бір шоқ қауырсын – “тақиясы” (айдары) болады; қанат, құйрық қауырсындары қара, оларға жол-жол болып сары қауырсындар араласқан, бауыры ақ. Аналығы мен балапандарының арқасы жасыл сұрғылт тартқан, бауыры ақшыл. Отырықшы құс. Ұясын ағаш басына салады. Мамыр айында 5 – 6 көгілдір не жасылдау жұмыртқа салып, аналығы 12 – 14 күн басады. Балапандарын да аналығы 13 – 15 күндей асырайды. Жылына екі рет балапан өргізеді. Өсімдік тұқымымен және жәндіктермен қоректенеді, олардың зияндыларын жеп пайда келтіреді. Шымшықтар жақсы сайрайды.

Дереккөздер

  1. BirdLife International (2004). Carduelis spinus. 2006. IUCN Red List of Threatened Species. IUCN 2006. www.iucnredlist.org. Retrieved on 12 мамыр 2006. Database entry includes justification for why this species is of least concern
Quick Facts
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Spinus spinus
Close


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.