From Wikipedia, the free encyclopedia
Хожант (тәж. Хуҷанд, خجند) — Тәжікстанның ең көне қаларының бірі, көлемі жағынан екінші үлкен қала, шамамен 2500 жыл бұрын, Ескендір Зұлқарнайын заманында негізі қаланған.
Қала | |||||
Хожант | |||||
тәж. Хуҷанд | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Облыс | |||||
Мэрі |
Фирдавс Шарифзода | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
40°17′ с. е. 69°37′ ш. б.40.283° с. е. 69.617° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
б.з.б. VII-VI ғ. | ||||
Бұрынғы атаулары |
Кирополис, Ходжент (1936), Ленинабад (1991) | ||||
Жер аумағы |
285 км² | ||||
Орталығының биiктігі |
300 м | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
▲ 183 600 адам (2020) | ||||
Тығыздығы |
644,21 адам/км² | ||||
Агломерация |
▲ 931 900 | ||||
Ұлттық құрамы |
тәжіктер, өзбектер, орыстар және басқалары | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+992 3422 | ||||
Пошта индексі |
735700 | ||||
Басқалары | |||||
Марапаты | |||||
Хожант шекарасы
| |||||
Ортаққордағы санаты: Хожант |
Худжанд, Ленинабад Грек тарихшыларына сүйенек, біздің дәуірімізге дейін 329 жылы, Ескендір Зұлқарнайын Сырдария өзенінің жағасында бекіністі қамал тұрғызып, оны өз атымен атаған. Кейін келе, өзінің тиімді географиялық және стратегиялық орналасуының арқасында, қамалға тұрғындар тола бастады және сол кездегі өлшем бойынша ірі қалаға айналды. Тарихта Шеткі Александрия (Эсхата) деген атпен танымал болды. Осы көне қаланың дәл орналасу орны, бірнеше жүз жылдар бойы, әртүрлі елдердің ғалымдарын толғандырып келді. Тек XX ғасырдың ортасында ғана Худжандтың б.д.д. IV ғ. және Шеткі Александрияның (Эсхатаның) б.д.д. 329 жылғы екендігі анықталды.
Худжанд, Ленинабад Ферғана алқабында географиялық тұрғыдан тиімді орналаса отырып, Худжанд көптеген жылдар бойы гүлденді, байыді, сарайлар, мешіттер, мызғымас қамалдар тұрғызды. XIII ғасырда Худжандты Шыңғыс хан әскері басып алып, күл-талқан етті. XIV ғасыр соңында — XV ғасыр басында Худжанд, өз облысымен бірге, Темір мемлекетінің құрамында болды. XVIII-XIX ғасырларда Худжанд өте қатты ұлғайып, Орта Азияның ірі қалаларының біріне айналып, территориясы жағынан Қоқан мен Бұхараға дес бермеді. XIX ғ. соңы — XX ғ. басындағы Худжанд кәдімгі ортаазиялық қала ретінде болды: қисық әрі тар көшелер, оларды бойлай, бір-біріне жанаса тұрғызылған бақсадан соғылған үйлер, шулы базарлар мен сан-мыңдаған шағын шеберханалар.
Қазіргі таңда қала Тәжікстанның ірі индустриалды және мәдени орталығы болып табылады. Қазіргі Худжанд — жайлы әрі жасыл қала, саябақтары мен скверлері көп, тұрғындары қонақжайлы. Худжандтың қақ ортасынан өтетін Сырдария өзені және оның жайлы жағалаулары — демалыс және шомылу үшін керемет жер. Айтпақшы, Худжанд — ірі өзен бойында орналасқан Тәжікстандағы жалғыз қала.
Худжанд, Ленинабад Худжандтың негізгі көрнекті орындарының арасында — танымал Панчшанбе қалалық базары бар. Ол Орта Азиядағы ең ірі жабулы базарлардың бірі. Келушілерді өзінің сан құбылған реңктерімен, ерекше дыбыстар және иістерімен, жеміс-жидектердің сан-түрлігімен және көптігімен тартып тұрады. Панчшанбе тәжік тілінен аударғанда «бейсенбі» деген ұғым береді — баяғы заманда дәл осы күні үлкен сауда жасалатын болған.
Бүгінгі Худжанд — Солтүстік Тәжікстанның ең ірі индустриалды-өнеркәсіп орталығы және маңызы жағынан республикадағы екінші қала. Худжандтың географиялық орналасуы мен климаттық шарттары шынымен де берекелі. Сондықтанда, қала орналасқан Ферғана алқабы Орта Азияның інжу-маржаны деп аталады: таулы пейзаж, үнемі ағыс үстіндегі Сырдария сулары, таза ауа, жасыл желек, жүзімнің, жидектің және басқа да жемістің көптігі Худжандты мәңгі жас бақ-қала қылады.
Худжанд, Ленинабад Баяғы заманнан бері Худжанд Самарқан, Бұхара, Мерв, Балх және өзге қалалармен бірге, тәжік мәдениетінің қалыптасқан орны болған; ол Орта Азияның ірі экономикалық орталығының бірі болған. Біздің заманымызда да Худжанд өзінің даңқты дәстүрлерін жалғастыруда. Худжанд Интернетте
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.