Хақназар хан
Қазақ Хандығының 1538-1580 жылдар аралығындағы ханы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Хақназар хан (башқ. Аҡнаҙар хан, орыс. Акназар царь, Окназар царь, 1509 - 1580) — Қазақ Ордасында (1538—1580жж.) билік құрған ханы. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.[1][2]
Quick Facts Лауазымы, Ту Қазақ хандығының 8-ші ханы ...
Хақназар хан Ақназар хан | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1538 — 1580 | |||
Ізашары | Ахмет хан | ||
Ізбасары | Шығай хан | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | ислам | ||
Дүниеге келуі | 1509 (1509) Қазақ хандығы | ||
Қайтыс болуы | 19 мамыр 1580 (1580-05-19) Бұхара | ||
Династия | Төре | ||
Әкесі | Қасым хан | ||
Анасы | Ханық сұлтан ханым | ||
Балалары | Ұлдары: Мұңғытай сұлтан, Дінмұхамед (Тыным) хан, Бозғыл сұлтан | ||
Шайқасы | Герата шайқасы (1548) Эмбе шайқасы (1568-1569) | ||
өңдеу |
Close