From Wikipedia, the free encyclopedia
Шығай хан — қазақ хандығының 9-шы ханы (1580—1582 жж.) билік құрған.
Шығай хан | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1580 — 1582 | |||
Ізашары | Хақ-Назар хан | ||
Ізбасары | Тәуекел хан | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | ислам | ||
Дүниеге келуі | 1500 Қазақ хандығы | ||
Қайтыс болуы | 1582 Кум-Ушкент | ||
Жерленді | Кум-Ушкент | ||
Әкесі | Жәдік сұлтан | ||
Анасы | Абайқан бегім | ||
Жұбайы | 1)Байым бегім
2)Яхшым бегім 3)Дадым бегім | ||
Балалары | ұлдары: Тәуекел хан, Есім хан, Ондан сұлтан, Шахым(Шах-Мұхаммед) сұлтан, Ибрагим сұлтан, Али хан, Сулум сұлтан, Сейтқұл сұлтан
қыздары: Сабырбике Сұлтан Ханым, Алтун Ханым, Сүзге ханым, Ляля Ханым, Әдемі | ||
өңдеу |
Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.
1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашады, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуады. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етеді.
1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның ұлы Тәуекел (1582-1598 жж.) отырады.
Ең ықпалды және сүйіктісі Шығай ханның екінші әйелі Яхшым-бегім Ханым болды. Болашақта хандар Тәуекел мен Есімді және Ғараб Батырдың әйелі Сабырбике Ханымды дүниеге алып келді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.