Қазақ хандығын басқарған хандар тізімі From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақ хандығының ханы — Қазақ Хандығының басшысы, қазақ әскерінің бас қолбасшысы.
Қазақ хандығының ханы | |
---|---|
Жүгіну формасы | Ұлы мәртебелім |
Алғашқы ханы | Керей хан (1465-1474) |
Соңғы ханы | Кенесары хан (1841-1847) |
Лауазым пайда болды | 1465 жыл |
Лауазым ыдыратылды | 1847 жыл |
Резиденциялар |
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (1599-1729) Абылай хан резиденциясы |
Қазақ хандарының барлығы Шыңғыс ханның ұрпақтары, яғни Шыңғыс хан әулетіне жатады. Қазақ Хандығы өз заманындағы ең қуатты елдерінің бірі болатын. Қасым хан тұсында қазақ әскерінде жауынгерлер саны 300 мыңға жетті, ал Есім хан тұсында олардың саны 400 мыңнан асты. Осы хандар тек саясатпен ғана емес, соғыс ісімен, заңнамамен де айналысқан.
Қасым хан дәуірінде "Қасқа жол", Есім хан тұсында "Ескі жол" және Тәуке хан заманында "Жеті жарғы" атты заңдар жинақтары жарық көрді.
Қазақ хандарының резиденциялары әртүрлі замандарда әртүрлі жерлерде болды. Қасым хан тұсында резиденция жуырда жаулап алынған Сарайшық қаласында болды. 1599 жылы Есім хан резиденцияны Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Үлкен Ақсарай және Кіші Ақсарай атты бөлмелеріне көшірді.
Сол кесенеде бірнеше қазақ хандары жерленді. Ал Есім ханның өзінде Түркістан қаласында жеке кесенесі бар. Қасым ханда Сарайшықтағы кесенесі бар.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.