Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы — УЕФА и ФИФА ұйымдастыруымен өтетін футзалдан жарыстарға Қазақстан атынан қатысатын ұлттық құрама команда. 2002 жылға дейін АФК-да өнер көрсетсе, одан бері қарай УЕФА сапында өнер көрсетеді. Еуропа чемпионаттарында бес рет ойнаған. ФИФА әлем рейтингісінде Қазақстан құрмасы 2021 жылдың 25 қыркүйегіне сәйкес 3-ші орынмен әлемнің үздік үштігіне кіреді. 2023 жылғы 19 сәуір күні жаңартылған рейтинг бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА рейтингісінде 50 елдің ішінде 4-орын (2344,395 ұпай)[2].
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы | |||
---|---|---|---|
Конфедерация | УЕФА | ||
Федерация | Қазақстан футбол федерациясы | ||
Бас бапкері | Рикардо Кака | ||
Капитаны | Игита | ||
Ең көп ойын саны |
Дінмұхамбет Сүлейменов (100) | ||
Үздік бомбардир |
Дуглас Жуниор (40) | ||
ФИФА рейтингі | ▲6 (3 қаңтар 2024)[1] | ||
| |||
Бірінші ойын Иран 14 - 2 Қазақстан (Тегеран, Иран, 1 мамыр 1996 жыл) | |||
Ең ірі жеңіс Қазақстан 19 - 0 Сингапур (Бангкок, Тайланд, 8 мамыр 2000 жыл) | |||
Ең ірі жеңіліс Иран 14 - 2 Қазақстан (Тегеран, Иран, 1 мамыр 1996 жыл) Қазақстан 2 - 14 Әзірбайжан | |||
Әлем чемпионаты | |||
Қатысу | 4 (бірінші 2000) | ||
Жетістік | 4-ші орын (2021) | ||
Еуропа чемпионаты (бұрын — Азия) | |||
Қатысу | УЕФА 3 рет (2016, 2018, 2022/ АФК 2 рет (1999, 2000) (бірінші ) | ||
Жетістік | Еуропа Чемпионаты: 3-ші орын; Азия кубогы: 2-ші орын (2000) |
УЕФА клубтық рейтингі еурокубоктардағы барлық еуропалық клубтардың нәтижелері негізінде жасалады. Қауымдастықтың клубтық рейтингін немесе елдің рейтингін есептеу кезінде оның барлық клубтарының нәтижелері ескеріледі. Ол келесі маусымға арналған еурокубоктардағы қауымдастық өкілдерінің санын анықтау үшін қолданылады.
УЕФА-ның футзалдан ерлер құрамасының коэффициенттері Эло алгоритмі бойынша барлық іріктеу матчтары мен финалдық кезеңдердегі бірінші ерлер құрамасының нәтижелері негізінде есептеледі. Коэффициенттер УЕФА турнирлерін жеребе тастау кезінде ұлттық құрамалардың топқа бөлуін анықтау үшін қолданылады[3]. Командаларға берілетін немесе жазаланатын ұпайлар саны бір-бірімен ойнайтын екі команда арасындағы салыстырмалы күштің функциясы болып саналады. Жүйе 2020 жылғы Әлем чемпионатына еуропалық іріктеу турнирінің басынан бастап енгізілді.
Ресми турнирлердегі ересектер құрамасының барлық матчтары (футзалдан еуро және футзалдан Әлем чемпионаты, іріктеу және финалдық турнирлер) есептеледі. Жолдастық матчтар есепке алынбайды[4]. Рейтинг кестесіне кіру үшін команда коэффициенттерге әсер ететін кем дегенде екі матч ойнауы керек және алдыңғы 36 айда белсенділікті көрсетуі керек. Жаңа команда рейтинг кестесіне енген кезде, оған сол кезде кестені жабатын команданың коэффициенті беріледі.