Физика саласындағы Нобель сыйлығы
бес Нобель сыйлықтарының бірі / From Wikipedia, the free encyclopedia
Физикадан Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i fysik) — физика саласында ғылыми жетістіктерге жеткені үшін Стокгольмдегі Швед корольдық ғылым академиясымен берілетін жоғары сыйлық.
Сыйлық швед химигі Альфред Нобельдің (1896 жылы қ.б.) 1895 жылғы өсиеті бойынша химиядан, физикадан, әдебиеттен, физиология және медицинадан жоғары жетістіктерге жетуі үшін және бүкіл әлемде бебітшілікті орнату[1] бойынша берілетін негізгі бес сыйлықтын қатарына кіреді.
Физикадан алғашқы Нобель сыйлығы Вильгельм Рентгенге рентген сәулелерін ашқаны үшін берілді. Әрбір сыйлық иегері медальға, дипломға және соммасы жыл сайын өзгерілетін ақшалай сылыққа[2] ие болады. Мараппаттау рәсімі жыл сайын Швецияның астанасы Стокгольм қаласында 10 желтоқсан күні өткізіледі.[3]