Вильгельм Конрад Рентген
From Wikipedia, the free encyclopedia
Рентген Вильгельм Конрад нем. Wilhelm Conrad Röntgen; 17 наурыз, 1845, Леннеп, Германия — 10 ақпан, 1923, Мюнхен, Веймар Республикасы)[1] — Немiс физигi.
Вильгельм Конрад Рентген | |
нем. Wilhelm Conrad Röntgen | |
Вильгельм Конрад Рентген (1900) | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
Мюнхен университеті |
Ғылыми дәрежесі |
Ғылым докторы |
Ғылыми атағы | |
Альма-матер |
Цюрих Швейцария жоғарғы техникалық мектебі |
Ғылыми жетекші |
Август Кундт |
Атақты шәкірттері |
Питер Прингшейм |
Несімен белгілі |
кейін рентген сәулелері деп аталатын "x сәулелерін" ашты |
Марапаттары | |
Қолтаңбасы | |
1845 ж. Леннепеде туған. 1868 ж. Цюрих политехникумын бiтiредi. 1871-1873 ж.ж. Вюрцбург университетiнде, 1874-1879 ж.ж. Старсбург университетiнде iстейдi. 1879-1888 ж.ж. Гиссендегi университетте профессор және физика институтының директоры болады. 1900-1920 ж.ж. Мюнхен университетiнiң профессоры және Физика институтының директоры болады.
Рентгеннiң ғылыми зерттеулерi электромагенитзмге, кристаллдар физикасына, оптикаға, молекулалық физикаға арналады. 1895 ж. ультракүлгiн сәулелерiнен әлдеқайда үлкен рентген сәулелері деп аталатын сәуле шығаруды ашты және олардың қасиеттерiн зерттедi: шағылу, жұтылу, ауаны иондау қабiлеттерi және т.б.
1885 ж. электр өрiсiнде қозғалатын диэлектриктiң магнит өрiсiн ашады.
Ретгеннiң көптеген жұмыстары сұйықтардың, газдардың кристалдардың қасиеттерiн, электромагниттiк құбылыстарын зерттеуге арналған. Ол кристаллдардағы электрлiк және оптикалық құбылыстардың өзара байланысын ашты. 1901 ж. Рентгенге өзiнiң атымен аталатын сәуленi ашуы үшiн физиктердiң арасында бiрiншi болып Нобель сыйлығы берiлдi.