международный конкурс многопрофильных университетов From Wikipedia, the free encyclopedia
Универсиада — дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (ағылш. International University Sports Federation (FISU)) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.
1923 жылы студенттердің халықаралық конференциясында қабылданған.
Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін көпшілік сипаты болған емес.
1945 жылы Универсиада Бүкіл әлемдік жастар демократиялық федерациясымен қайта туындады.
1957 жылдан бастап Универсиада халықаралық спорт жарыстарының ең үлкенінің бірі болып табылады.
Спорт тарихындағы тұңғыш қысқы Универсиаданың тұсауы 1960 жылы Францияның Шамони қаласында кесілді. 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында өткен бұл халықаралық додада 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен Франция көш бастады. 3 алтын, 1 күміс, 1 қоланы қанжығаға байлаған Кеңес Одағы екінші орын иеленді. Содан бері екі жылда бір болатын қысқы Универсиада төрткүл дүниенің төрт бұрышында 25 мәрте өткізілген. Соңғысы 2011 жылдың 27 қаңтары мен 6 ақпан аралығында Түркияның Эрзурум қаласында жалауын көтерді. Дәрежесі жөнінен тек Қысқы олимпиадаға ғана жол беретін Универсиаданың 2013 жылғы астанасы – Словенияның Марибор қаласы. Бұл қала 2011 жылы жоғарыда аталған Түркиялық қаламен тартысқа түссе де,мақсатына тек осы жолы ғана жетіп отыр. Ал 2015 жылы дүние жүзінің жас таланттарын Испанияның Гранада қаласы қабылдайды.[1]
Жұпсыз жылдары жаздық Универсиада жүргізіледі (жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу, волейбол, баскетбол, су полосы, теннис, суға секіру және фехтование), жұп жылдары — қысқы (шаңғы спорты, мәнерлеп сырғанау және хоккей).
Универсиада жеңімпаздары алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады.
Универсиадаға студенттер, аспиранттар және ЖОО түлектері қатысады
Универсиада қатысушылардың жастары — 17-ден 28 жасқа дейін.[2]
Жыл | Ойындар | Жазғы Универсиада | Ойындар | Қысқы Универсиада |
---|---|---|---|---|
1959 | I | Турин, Италия | — | |
1960 | — | I | Шамони, Франция | |
1961 | II | София, Болгария | — | |
1962 | — | II | Вилларс, Швейцария | |
1963 | III | Порту-Алегри, Бразилия | — | |
1964 | — | III | Шпиндлеров Млин, Чехословакия | |
1965 | IV | Будапешт, Мажарстан | — | |
1966 | — | IV | Сестриере, Италия | |
1967 | V | Токио, Жапония | — | |
1968 | — | V | Инсбрук, Аустрия | |
1970 | VI | Турин, Италия | VI | Рованиеми, Финляндия |
1972 | — | VII | Лэйк-Плэсид, АҚШ | |
1973 | VII | Мәскеу, КСРО | — | |
1975 | VIII | Рим, Италия | VIII | Ливиньо, Италия |
1977 | IX | София, Болгария | — | |
1978 | — | IX | Шпиндлеров Млин, Чехословакия | |
1979 | X | Мехико, Мексика | — | |
1981 | XI | Бухарест, Румыния | X | Хака, Испания |
1983 | XII | Эдмонтон, Альберта, Канада | XI | София, Болгария |
1985 | XIII | Кобе, Жапония | XII | Белунно, Италия |
1987 | XIV | Загреб, Югославия | XIII | Штрбске Плесо, Чехословакия |
1989 | XV | Дуйсбург, Германия | XIV | София, Болгария |
1991 | XVI | Шеффилд, Ұлыбритания | XV | Сапорро, Жапония |
1993 | XVII | Буффало, АҚШ | XVI | Закопане, Польша |
1995 | XVIII | Фукуока, Жапония | XVII | Хака, Испания |
1997 | XIX | Сицилия, Италия | XVIII | Муджу, Корея Республикасы |
1999 | XX | Пальма де Мальорка, Испания | XIX | Попрад, Словакия |
2001 | XXI | Бейжің, Қытай | XX | Закопане, Польша |
2003 | XXII | Тэгу, Корея Республикасы | XXI | Тарвизио, Италия |
2005 | XXIII | Измир, Түркия | XXII | Инсбрук / Зеефельд, Аустрия |
2007 | XXIV | Бангкок, Тайланд | XXIII | Турин, Италия |
2009 | XXV | Белград, Сербия | XXIV | Харбин, Қытай |
2011 | XXVI | Шэньчжэнь, Қытай | XXV | Эрзурум, Түркия |
2013 | XXVII | Қазан, Ресей | XXVI | Трентино, Италия |
2015 | XXVIII | Кванджу, Корея Республикасы | XXVII | Гранада, Испания |
2017 | XXIX | Тайбэй, Қытай Республикасы | XXVIII | Алматы, Қазақстан |
2019 | XXX | Неаполь, Италия | XXIX | Красноярск, Ресей |
2021 | XXXI | Чэнду, Қытай | XXX | Люцерн, Швейцария |
2023 | XXXII | Екатеринбург, Ресей | XXXI | Лейк-Плэсид, АҚШ |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.