From Wikipedia, the free encyclopedia
Тұрмыстық жанр — бейнелеу өнерінің жанры. Әдетте тұрмыстық жанр туындылары күнделікті тіршілікті немесе қоғамдық өмірді кескіндеп бейнелеу мақсатында жасалады.
Тұрмыстық жанрда тұрмыстық кескіндеме басты рөл атқарады әрі жанрлық тақырыптар мұнымен бірге графика мен мүсін саласында да кең көрініс береді. Тұрмыстық жанр адамдардың тұрмыстағы арақатынасын бейнелеумен шектелмей, олардың ішкі жан дүниесін, қарапайым, күнделікті өмірдегі құбылыстардың тарихи-қоғамдық мәнін әр қырынан жан-жақты ашып бере алады. Тұрмыстық көріністер ежелгі өнер ескерткіштерінен белгілі. Бейнелеу өнерінің айрықша бұл жанры ортағасырлық заманда Ежелгі Шығыс елдерінде және XVI–XVII ғасырларда Еуропада жеке өз алдына бөлініп шықты. Жаңа замандағы тұрмыстық жанрдың гүлдену кезеңдері демократиялық және реалистік бағыттардың қуат алып, кескіндемеші-мүсіншілердің хауылылық өмірі мен еңбектің бел ортасына араласуына әрі өнерде тұрмыстағы көкейтесті мәселелерді өз шығарм-на өзек етуіне тікелей байланысты болды.[1]
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде аңшылық, әдет-ғұрып салтынан көріністер, ежелгі шығыс жазбалары мен бедерлерінде халықтың күнделікті іс-қарекеті, ежелгі грек пен рим жазбаларында, мозаика мен мүсіндерінде тұрмыстық тақырыптар бой көрсетті.
Орта ғасырда Азия (Үндістан, Индонезия, Камбоджа, Ирак, Орталығы Азия, Әзірбайжан, Иран) мен Еуропада (Германиядағы Наумбург соборының бедерлері, XIII ғасырдың ортасы) тұрмыстық жанр тарай бастады. Қытайда діни-философия идеямен байланысты алғашқы жанрлық картиналар IV ғасырда (Гу Кай-чжи) пайда болып, Тан кезеңінде (VII–X ғасырлар) жанрлық кескіндеме мектебі қалыптасты. Жапония мен Кореяның жанрлық кескіндемесі де қытай өнері сипатында дамыды.
Қайта өркендеу дәуірінде тұрмыстық жанр
XVI–XVIII ғасырларда Азия елдерінде бейнелеу өнерінің тұрмыстық жанр саласы гүлденіп, өнер тарихы
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.