From Wikipedia, the free encyclopedia
Тоқтасын Ысқақұлы Бұзыбаев (8 мамыр 1949, Уба-Форпост ауылы, Жаңа Шүлбі ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР) — әскери қызметкер, генерал-майор (1995). 1967 жылдың 1 шілдесінен Қарулы Күштер қатарында. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары шекарашылар командалық училищесін (1971), Мәскеудегі Әскери академияны (1981) бітірген. ҚР Шекара әскері қолбасшысы қызметіне тағайындалғанға дейін (1997), Шығыс шекара округінде застава бастығының, кейін отряд бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасарлығынан бастап, ҚР Шекара әскерлері Қолбасшысының орынбасары, ҚР Қорғаныс министрінің айрықша тапсырмалар жөніндегі офицері — адьютанттар бөлімінің бастығы, ҚР Қорғаныс мининисрлігі Бас штабы бастығының бірінші орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Бірнеше жауынгерлік наградалармен марапатталған.
Тоқтасын Ысқақұлы Бұзыбаев | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
4 наурыз 1997 — 1999 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Ізашары | Болат Зәкиев | |||
Ізбасары | Болат Зәкиев | |||
Өмірбаяны | ||||
Білімі | Ф.Е.Дзержинский атындағы КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы МҚК Жоғарғы шекаралық қолбасшылық училищесі М.В. Фрунзе атындағы әскери академиясы | |||
Дүниеге келуі | 8 мамыр 1949 (75 жас) Уба-Форпост ауылы, Жаңа Шүлбі ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР | |||
Әскери қызметі | ||||
Әскер түрі | Шекара әскері | |||
Атағы | Генерал-майор | |||
Шайқасы | Ауған соғысы Тәжікстандағы азаматтық соғыс | |||
Марапаттары |
| |||
өңдеу |
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.