![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/8e/%25D0%25A0%25D0%25B5%25D0%25BA%25D0%25B0_%25D0%259A%25D0%25B0%25D1%2580%25D0%25B0-%25D0%25A3%25D0%25BD%25D0%25BA%25D1%258E%25D1%2580.jpg/640px-%25D0%25A0%25D0%25B5%25D0%25BA%25D0%25B0_%25D0%259A%25D0%25B0%25D1%2580%25D0%25B0-%25D0%25A3%25D0%25BD%25D0%25BA%25D1%258E%25D1%2580.jpg&w=640&q=50)
Тентексай (Қарадария тармағы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тентексай[1] (бастауы — Қараүңгір) — Қырғызстанның Жалалабат облысы Базарқорған ауданындағы өзен, Қарадарияның оң саласы[2]. Ұзындығы 126 км, су алабының ауданы 4130 км².
Quick Facts Тентексай, Сипаттамасы ...
Тентексай | |
---|---|
![]() | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 126 км |
Су алабының ауданы |
4130 км² |
Су алабы | Қарадария → Сырдария → Солтүстік Арал теңізі → Оңтүстік Арал теңізі |
Су шығыны | 29,6 м³/с |
Бастауы | |
• Орналасқан жері | Ферғана жотасы |
• Координаттары | 41°32′36″ с. е. 73°01′50″ ш. б.41.54333° с. е. 73.03056° ш. б. / 41.54333; 73.03056 (G) (O) (Я) (T) |
Сағасы | Қарадария |
• Координаттары | 40°53′04″ с. е. 72°19′39″ ш. б.40.88444° с. е. 72.32750° ш. б. / 40.88444; 72.32750 (G) (O) (Я) (T) |
Орналасуы | |
Ел | ![]() |
Аймақ | Жалалабат облысы |
Close
Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінен бастау алады. Күребес пен Қызылүңгір өзендерінің қосылуынан пайда болады. Негізгі салалары: (оң жақта) Қызылүңгір, Күміссу, (сол жақта) Отызарт және Күребес. Ірі салалары: Арыстанбаб, Ғауасай, Шайдансай, Алашсай, Сарқырама.
Орташа жылдық шығыны 29,6 м³/с, орташа максималды шығыны 85,7 м³ және минималды шығыны 9,6 м³/с.
Өзеннің су жинайтын алабы 7,1 км² аумақты алып жатқан алты шағын көл мен 23 шағын мұздықты қамтиды.