From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарадария (қыр. Кара-Дарыя, өзб. Qoradaryo, Қорадарё) — Қырғызстанның Ош облысындағы, Өзбекстанның Әндіжан және Наманған облыстарындағы Сырдария өзенінің сол жақ саласы. Сырдарияға ағып құятын ең ірі өзендердің бірі.
Қарадария | |
---|---|
қыр. Кара-Дарыя, өзб. Qoradaryo | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 180 км |
Су алабының ауданы |
30 100 км² |
Су шығыны | 136 м³/с (Үштепе елді мекеніне жақын жер) |
Су ағысы | |
Бастауы | Тар және Қарақұлжа өзендерінің бірігетін жері |
• Орналасқан жері | Кеңес ауылына жақын жер |
• Биіктігі | шам. 1150 м |
• Координаттары | 40°38′46″ с. е. 73°25′25″ ш. б.40.64611° с. е. 73.42361° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Сырдария |
• Орналасқан жері | Балықшы қаласынан төмен жерде |
• Биіктігі | 396 м |
• Координаттары | 40°54′03″ с. е. 71°45′29″ ш. б.40.90083° с. е. 71.75806° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қырғызстан Өзбекстан |
Аймақ | Ош облысы, Әндіжан облысы, Жалалабат облысы, Наманған облысы |
Ортаққордағы санаты: Қарадария |
Қарадарияның ұзындығы 180 км, сол жақ саласы Тармен бірге 318 км құрайды. Су алабынның ауданы 30 100 км². Қарадария қар мен мұздықтардың суымен қоректенеді. Орташа жылдық су шығыны — 136 м³/с, осы нүктеде байқалған ең жоғары шығын — 265 м³/с (1969 ж.), осы нүктедегі ең аз шығын — 68,4 м³/с (1975 ж.). Жылдық ағынның 55% наурыздан шілдеге дейінгі кезеңге келеді. Өзен суының мол болатын кезеңі маусым, суы аз болатын кезеңі қыс.
Судың лайлылығы 1 кг/м³.
Кейде қыста Қарадария жағалау жақтан аз уақытқа қатып, сең жүруі байқалады.
Қарадария Ферғана жотасының оңтүстік-шығыс беткейі мен Алай жотасының солтүстік беткейінен бастау алатын Тар және Қарақұлжа өзендерінің қосылуынан қалыптасады. Қарадарияның бастауы шамамен 1150 м биіктікте, Қырғызстанның Ош облысындағы Кеңес ауылына жақын жерде орналасқан.
Қарадария жалпы батыс бағытта ағып жатыр. Әндіжан суқоймасына дейін Қарадария ені 0,5-тен 4-5 км-ге дейінгі алқап арқылы өтеді. Содан кейін аңғар күрт тарылып, қазір су басқан Кемпірабат шатқалын құрайды. Мұнда өзенді бөгет бөгеп, Әндіжан суқоймасын құрайды. Төменірек Қарадария Өзбекстанның Әндіжан облысы жеріне өтіп, Ферғана аңғарына кіреді[1].
Әндіжан мен Наманған облыстарының шекарасы Қарадарияның сағаға дейінгі аумақта жүргізілді. Балықшы қаласынан тысқары жерде 396 м биіктікте Нарын өзенімен қосылады. Сол жағында Қарадария, оң жағында Нарын бірігіп, Сырдария өзенін құрайды.
Ферғана аңғарының жерлеріне енген соң Қарадария сулары суаруға қарқынды түрде пайдаланылады. Оның суы Шаһрихансай, Әндіжансай және Пахтаабат ірі арналарына құйылады.
Өзеннен Үлкен Ферғана арнасының Қарадария жолы басталады.
Қарадарияның бірнеше ірі салалары бар: (оң жақта) Жазы, Көкарт, Қараүңгір және Майлысу, (сол жақта) Құршап, Ақбура, Арабансай.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.