From Wikipedia, the free encyclopedia
Солтүстік Арал теңізі, Кіші Арал – Арал теңізінің шағын солтүстік бөлігі, бұрынғы Көкарал түбегі мен Берг бұғазы (мойнағы) арқылы (Көкарал бөгеті арқылы) бөлінген. Жер аумағы 0,9 мың км2.
Солтүстік Арал теңізі | |
Төменгі сурет — Көкарал бөгенінің құрылысына дейінгі Кіші Арал (2005 жыл), үстіңгі сурет — бөгеннің құрылысынан кейін (2006 жыл). | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 42,2 м |
Көлемі | 27 км³ |
Тереңдігі | 18 (2004 ж.) м |
Орташа тереңдігі | 8,7 м |
Гидрология | |
Судың тұздылығы | 9 ‰ |
Су алабы | |
Құятын өзен | Сырдария |
Орналасуы | |
46°30′ с. е. 60°42′ ш. б.46.5° с. е. 60.7° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қызылорда облысы |
Солтүстік Арал теңізі Ортаққорда |
Кіші Аралдың Шевченко, Сарышығанақ, Бутаков атты шығанақтары бар. Теңіздің солтүстік-батыс бөлігінде Шұбартарауыз солтүстігінде Көктырнақ түбектері орналасқан. Көкарал жағалауы құмдақты, орталық бөлігіндегі абсолюттік биіктігі 161 м. Бөгеттің деңгейі 40 м. болған жағдайда бөгеттің орталық бөлігі мен Шевченко шығанағындағы су көлемі 21 км3 -ге дейін жетеді де Бутаков пен Сарышығанақ шығанақтарында су мүлдем болмайды. Сондықтан, Кіші Арал теңізінің су деңгейін 42 м-ге жеткізу көзделіп отыр. Сонда судың көлемі 27 м3 жетеді. Толық мәнді экология-экономикалық жұмыс істеу үшін Кіші Аралдың су көлемі 34 км3 -ден кем болмауы керек. Ол үшін келешекте Көкарал бөгетінің екінші, үшінші кезеңдерін салу көзделіп отыр.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.