Татарстан елтаңбасы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Татарстан елтаңбасы

Татарстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы (тат. Татарстан Җөмһүриятенең Дәүләт гербы) — Татарстан Республикасының мемлекеттік рәмізі болып табылады. Татарстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 7 ақпандағы (№ 1415-XII) қаулысымен бекітілген. Қазіргі уақытта Мемлекеттік Елтаңбаны пайдалану ережелері «Татарстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңымен реттеледі.

Сипаттамасы

Quick Facts Негізгі ақпараттар, Бекітілді ...
Татарстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы

Thumb

Негізгі ақпараттар
Бекітілді

7 ақпан 1992

Авторлық ұжым
Елтаңба идеясы

Н.Ғ. Ханзафаров

Суретші

Р. З. Фахрутдинов

Close

Татарстанның мемлекеттік елтаңбасында — бүйірінде дөңгелек қалқаны бар, оң жақ алдыңғы табаны күн дискісінің аясында көтерілген, іргесінде «Татарстан» деген жазуы жазылған татар халқының ою-өрнегі бар жақтауда орналасқан қанатты барыстың бейнесі көрсетілген, қанаттары жеті қауырсыннан, ал қалқандағы гүлөрнек сегіз гүл күлтеден тұрады.

Татарстан Республикасының елтаңбасы Татарстан туының түстеріне сәйкес; пішіні дөңгелек болып келеді.

Елтаңбаның ортасындағы бейне — қанатты барыс — ерте заманда құнарлылық құдайы, балалардың қамқоршысы саналды. Татарстан Республикасының елтаңбасында барыс республика азаматтары мен халқының қамқоршысы болып табылады. Барыс күннің қызыл дискісінің аясында бейнеленген. Күн — ерте заманда көптеген халықтардың басты құдайы болған. Татарстанның елтаңбасындағы қызыл күн жақсы белгі, сәттілік, бақыт, өмірді білдіреді. Барыстың сол жағындағы — дөңгелек қалқан Татарстан Республикасы азаматтарының құқықтық, экономикалық және мықты қорғанысын білдіреді.

Татарстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының түрлі-түсті бейнесінде күн — қызыл, барыс, оның қанаттары және қалқандағы гүлөрнек — ақ, жақтау — жасыл, қалқан, жақтаудағы ою-өрнек пен «Татарстан» жазуы — алтын түстіке боялған.

Гүл күлтесінің саны жұп болатын қашқаргүл гүлі мәңгілік өмір қайнаркөздің, ұзақ ғұмырдың және ұзақ өмір тілегін білдіреді.

Thumb
Татарстан Республикасына 100 жыл пошта блогы

Барыстың көтерілген оң жақ алдыңғы табаны — жоғарғы биліктің ұлылығын көрсететін дәстүрлі геральдикалық ым. Бұл сондай-ақ «оң аяқтың адымымен» қозғалыстың (істің) басталуы, Татарстанның жаңару жолындағы қозғалысының жақсы бастамасын білдіреді. Барыстың өткір тістері мен тырнақтары өзі үшін және қолдайтын, жебеп сақтайтындарды қорғай алатындығын білдіреді. Барыс қанатының жеті қауырсыны барыстың жердегі де, көктегі де — жебеушілік күшінің әсер ету кеңістігін білдіреді. Барыс құйрығының қалыпы жақсы көңіл-күйді, достықты білдіреді.

Әйгілі татар гүл оюы мен қызғалдақ гүлі көктемгі табиғаттың оянуын және Татарстанның қайта жандануын білдіреді.

Елтаңбаны үш деңгейде алтын түсті үш шеңбер жабады. Олар бірлік, шексіздік және жоғары кемелдік идеясын білдіреді.

Түстердің таңбалық мағыналары: алтын түс — Татарстан жерінің әсемдігі, сұлулығы, байлығы; жасыл түс — көктемнің жасыл желегі, Татарстанның жандануы; ақ түс — Татарстан азаматтары ойларының тазалығы; қызыл түс — Татарстанның жетілденуі, қуаты, күші, өмірі, өміршеңдігіне сәйкес келеді.

Татарстан Республикасының Елтаңбасы ізгілік, әділдік, азаматтардың амандығы, халықтар арасындағы достық, бейбітшілік пен озықтық сияқты жалпыадамзаттық, адамгершілік құндылықтарды бекітеді.

Қанатты барысты Татарстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы ретінде бейнелеу идеясының авторы — филология ғылымдарының докторы Назым Ханзафаров.

Татарстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы — монументалист-суретші, Татарстан суретшілер одағының мүшесі Риф Фахрутдинов.

Тарихи белгілері

Thumb
La Geographie Universelle кітабындағы Тартария елтаңбасы (1676).

Хан дәуірі

Толық мақаласы: Татарстан туы

Қазан хандығының рәміздері сары аяда тілі мен құйрығы жебе тәрізді, жатқан және артқа қараған қанатты төрт аяқты қара айдаһар, сондай-ақ сары аяда сарғыш қауырсындары бар қара үкі болды.

Патша дәуірі

1552 жылы Қазан хандығы өмір сүруін тоқтатып, Орта Еділ бойының едәуір бөлігі Ресей мемлекетіне қосылды, IV Иван болса, «Қазан патшасы» атағын қабылдады.

Қазан қаласының бізге жеткен ең көне танымбелгісі – Иван Грозныйдың Үлкен мөрі бар (1577) Қазан мөрі. Танымбелгі тәж киген айдаһардың (зилант) бейнесі болды. Осындай айдаһар Қазан патшалығының мөрлері воевода кінәз И.М.Воротынскийдің (1596), Қазан Преображенский монастырының архимандриті Арсений мен бауырларына берген грамотасында, Свияжск Богородицкий монастырының архимандриті Герасимге (1637) берілген алым грамотасында, Қазан монастырының игумені Ипатияға (1693) берілген әкелім грамотасында және басқа да құжаттарда бейнеленген.

1666 жылы патша Алексей Михайловичтың елтаңба туын жасау туралы жарлығында мынадай сипаттама берілген: «Қазан мөрінде тәждегі аждаһар, қанаттары алтын, құйрықтың ұшы алтын.»

XVIII ғасырдың басында Ресейде полк жалауларында сәйкес аумақтардың елтаңбасы рәміздері пайда болды. Атап айтқанда, 1712 және 1730 жылғы Қазан полкі жалауының бейнелері зилантпен, сондай-ақ 1730 жылғы «Знамёна гербовника Миниха» деп аталатын Свияжск полкінің жалауындағы бейнесімен белгілі. 1730 жылы Қазан жаяу әскер полкі жалауының елтаңбасы былайша сипатталған: «алтын қалқанда, ақ өрісте, Қазан патшалығының алтын тәжінің астында қызыл қанатты қара жылан».

1724 жылы I Петр Ресейге шақырған таңбашы Франц Санти Қазан елтаңбасын былайша сипаттайды: «Қызыл қанаттары бар, алтын немесе сары тәж киген Айдаһар немесе қара жылан күміс алқапта бейнеленген; сол айдаһар жасыл шымның үстінде отыр». Бұл пішінде елтаңба Таңбанамаға енгізіліп, 1730 жылы наурызда ең жоғары мақұлдауды алды.

Қазан елтаңбасына ұқсас бейнені 1775 жылы жарияланған Брюс күнтізбесінен табуға болады.

1781 жылы 18 қазанда императрица II Екатерина Қазан қаласына Қазан елтаңбасын берді. Сол кездегі қолданыстағы ережелерге сәйкес 3-аймақ орталығындағы қаланың елтаңбасы да аймақтық елтаңба қызметін атқарған, сондықтан бұл елтаңба кейіннен Қазан қаласының елтаңбасы ретінде де, Қазан наменгерлігінің елтаңбасы ретінде де қолданылған. Оны былай сипаттаған: «Қара жылан, Қазанның алтын тәжі астында, қызыл қанатты, ақ өріс». Елтаңба күміс геральдикалық қалқанның үстінде жасыл жерде қызыл қанаттары бар қара жылан тұрды, оның тәжі көрінетін жапырақтай үш тістері бар алтын тәжі бар. Осылайша, Қазан қаласының елтаңбасы өзгеріссіз 1672 жылғы патшалық Лауазымнама кітабы мен 1730 жылғы Таңбанамадағы Қазан елтаңбасын қайталады.

1856 жылы 8 желтоқсанда II Александр Қазан губерниясының елтаңбасын бекітті: «Күміс қалқанда тәжді қара айдаһар, қанаттары мен құйрығы қызыл, тұмсығы мен тырнақтары алтын түсті; тілі қызыл. Қалқанға императорлық тәж кигізілген және Әулие Андрей таспасымен байланыстырылған алтын емен жапырақтарымен қоршалған». Дәл осы кезде айдаһар жүріп келе жатқандай бейнелене бастады.

XIX ғасырдың ортасында Ресей қалаларының танымбелгілері үшін «әшекейлер»: тәждер, гүлдестелер, таспалар енгізілді. 1859 жылы Қазан елтаңбасы геральдика ережелеріне сәйкес қайта сызылып, жыланның табанының астындағы жер жоғалып, қалқанға «Қазан қалпағы» шірі кигізілді.

Қанатты жылан — көне түркі және бұлгар таңбасы саналады. «Жылан патшасы» — мифологиялық жаратылыс — әлсіздердің қорғаушысы және билік пен күштің белгісі ретінде қабылданатын.

Елтаңбадағы Зиланттың пайда болуын түсіндіретін аңыз бар: Ертеде Қазан қаласының орнында көптеген жыландар өмір сүрген. Татар дуагері барлық жыландарды жою үшін сиқырлы дуаларын қолданды. Тек жылан патшасы Зилант қана аман қалып, Жылантау тауына ұшып кетеді. Бірақ сол жерден де ол тұрғындардың мазасын алды. Сиқыршы Хәкім Зилантты жеңгеннен кейін ғана адамдар қалада бейбіт өмір сүре алды.

Кейбір түркі тілдері мен сөйленістерінде «елан» «джылан» сияқты дыбысталса, көне орыс тіліндегі түркілердің «дж» дыбысы «з» болып берілген.

Қазандыкымен қатар, орыс патшаларының елтаңбалары мен мөрлерінде Бұлғар (Еділ Бұлгариясы) елтаңбасын кездестіруге болады: жасыл алаңда қызыл туы бар серуендеп келе жатқан күміс түсті хайуан (ит не барыс), күміс крест арқылы бөлінген; сабы алтын түсті. Бұл елтаңба 1882 жылғы Ресей империясының Үлкен Елтаңбасында, 1672 жылғы «Үлкен патшалық кітапта...» 1793 жылғы «Орыс патшаларының тарихи сөздігінде...» (бірақ көгілдір өріспен) және т.б. кездеседі. Патшалық таңбанамада Бұлғар елтаңбасындағы аңның барыс ретінде қабылдануы кескіннің қайталану сапасына байланысты болуы мүмкін, нәтижесінде терідегі жүннің бұйралары дақтарға айналып кеткен. Ақырында аң қайта түсіндіріліп, XVIII ғасырдың аяғынан бастап дереккөздерде туы бар қозы ретінде сипатталды.

Кеңес заманы

1920 жылы 27 мамырда БОАК Декретімен РКФСР құрамында бұрынғы Қазан губерниясы мен оған іргелес аумақтардан бөлінген жерде Автономиялық Татар Социалистік Кеңес Республикасы құрылды.

Республика Елтаңбасының ерекше үлгілерінің бірінде бидай масағымен жиектелген қызыл қалқанда шығып келе жатқан күн мен оның үстінде садақ, ал төменде орақ пен балға бейнеленген. Қалқан ұстаушылар – қолдарында балға шот пен шалғы ұстаған жұмысшы мен ұжымшаршы болды.

1930 жылдан бастап Татар Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының елтаңбасы РКФСР елтаңбасын қайталады, бірақ «Татар АКСР» деген жазумен және ұранның татарша мәтінімен толықтырылды. Алғашында, 1937 жылы татар тіліндегі мәтін латын әріпімен жазылса, 1939 жылы кириллицаға өзгертілді.

1978 жылы РКФСР елтаңбасына сәйкес өзгерістен кейін елтаңбаның жоғарғы жағында бесбұрышты жұлдыз пайда болды. ТАКСР елтаңбасы туралы ереже РКФСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1981 жылғы 1 маусымдағы Жарлығымен бекітілді.

1991 жылы Татар КСР Мемлекеттік рәміздері жөніндегі Конституциялық комиссиясының дайындық тобы ТКСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бекіту үшін Елтаңба үлгісін дайындады. Бірақ бұл елтаңба ақыры бекітілмеді[1][2].

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.