Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бүкілресейлік орталық атқару комитеті (БОАК) (орыс. Всероссийский центральный исполнительный комитет (ВЦИК)) — Кеңестердің Бүкілресейлік съезімен қатар 1938 жылға дейін Ресей Кеңес Республикасы мен РКФСР мемлекеттік билігінің заң шығарушы, әкімшілік және бақылаушы жоғарғы органы.
Бүкілресейлік орталық атқару комитеті (БОАК) орыс. Всероссийский центральный исполнительный комитет (ВЦИК) | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | РКФСР |
Құрылған уақыты | 25 қараша 1917 жыл |
Оның алдындағы мекеме | Ресей Республикасының Уақытша кеңесі |
Таратылған уақыты | 15 шілде 1938 жыл |
Орнына келген мекеме | РКФСР жоғарғы кеңесі |
Михаил Калинин (соңғы), БК(б)П 30 наурыз 1919 бастап 15 шілде 1938 дейін |
Бүкілресейлік Кеңестер съезінде сайланды және съездер арасында әрекет етті, съезд шешімдерін орындау үшін 1918 жылдан бастап РКФСР халық комиссарлар кеңесін құрады.
Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің бірінші төрағасы, партияда үлкен беделге ие болған Я.М. Свердлов қайтыс болғаннан кейін 1919 жылы 25 наурызда РК(б)П Орталық Комитеттің пленумында төрағалыққа кандидат туралы мәселе қаралды. Ф.Е. Дзержинский, М.И. Калинин, Н.Н. Крестинский, А.Г. Белобородов, В.И. Невский және майдан мен Батыс облысының облыстық атқару комитетінің өкілі Иванов ұсынылды. Калининнің кандидатурасына 7 дауыс берді, 4 қарсы болды, 2 қалыс қалды.
КСРО құрылғанға дейін Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің құрамына Кеңестердің республикалық съездерінде сайланған Украин Социалистік Кеңестік Республикасы мен Белорус Социалистік Кеңестік Республикасының өкілдері де кірді. Кеңестердің IX Бүкілресейлік съезі сайлаған БОАК құрамына Украина мен Белоруссия өкілдерінен басқа Күнгей Кавказ республикаларының делегаттары да кірді[1]. 1917 жылдың қарашасынан бастап БОАК сессиялары аралығында оның атқарымдарын БОАК жедел органы – Төралқа жүзеге асырды. Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің 1 күннен 15 күнге дейін созылған барлығы 33 сессия өтті[2]. БОАК аппараты Төралқадан, Бюродан және 20-ға жуық бөлімдерден тұрды[3].
Бүкілресейлік орталық атқару комитеті 1938 жылы РКФСР жаңа конституция қабылдануына байланысты таратылды.
В.И.Ленин Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің ерекшеліктерін сипаттай келе, «парламентаризмнің тиімділігін басты және тікелей демократияның артықшылықтарымен біріктіруге мүмкіндік береді, яғни халық сайлаған өкілдерінің тұлғасында заң шығару қызметін де, заңдардың орындалуын да біріктіруге мүмкіндік береді» деп пайымдады.
РКФСР-дің мемлекеттік аппаратын құру кезінде мемлекеттік органдардың құзыретінде нақты бөліну болмады. Мұның маңызды себебі «Кеңес мемлекетінің теориясы билікті бөлудің буржуазиялық қағидасын жоққа шығара отырып, Ресей Кеңес Республикасының жекелеген өкімет орындары арасында техникалық еңбек бөлінісінің қажеттігін мойындады».
Билікті бөлуді тек Кеңестердің VIII Бүкілресейлік съезі «Кеңес құрылысы туралы» қаулысында тұжырымдады. Құжатқа сәйкес, заң актілерін жариялауды: Кеңестердің Бүкілресейлік съезі, БОАК, БОАК төралқасы және ХКК жүзеге асырды. Кеңестер съезінің басқа қаулысымен Еңбек және қорғаныс кеңесінің (ЕҚК) актілері мекемелер, облыстық және жергілікті органдар үшін міндетті деп танылды.
Заңнамалық актілердің көптігі және кейде атқарымдардың қайталануы азаматтық соғыс және шетелдік интервенция жағдайларымен байланысты болды, өйткені бұл жағдай шешімдер қабылдау мен заңнамалық актілерді шығарудың аса жеделдігін талап етті. Сонымен қатар, бірқатар заң шығарушы органдардың болуы Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің Бүкілресейлік Кеңестер съезі алдында, БОАК төралқасының БОАК алдында, Халық комиссарлар кеңесінің Бүкілресейлік Кеңестер съезі, БОАК мен БОАК төралқасы алдында 1918 жылғы РКФСР Конституциясында нақты тұжырымдалған жауапкершілігіне байланысты РКФСР заңнамалық базасына қайшылықтар енгізбеді.
1925 жылы мамырда БОАК құрамында Д.И.Курский, Н.В.Крыленко, В.А.Аванесов, А.С.Енукидзе, П.И.Стучка және басқалардан тұратын конституциялық комиссия құрып, РКФСР Конституциясын әзірледі. Конституция РКФСР мемлекеттік билігі мен басқармасының орталық және жергілікті органдарының жүйесін түпкілікті бекітті: Бүкілресейлік Кеңестердің съездері, БОАК, оның Төралқасы, ХКК, халық комиссарлары.
1925 жылдан бастап 1937 жылға дейін Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің аппараты мынадай құрылымға ие болды:
БОАК мен БОАК төралқасы қарамағында бірқатар жалпыреспубликалық органдар (баспасөзде – комиссиялар, комитеттер, басқармалар) болды. Кейбіреулері БОАК атқарымдарын тікелей орындаса, басқалары шағын бағыттарға бағытталды: РКФСР құрайтын халықтар арасындағы ұлттық құрылыстың міндеттері; мәдени құрылыс; бейнеткерлердің өмір сүру деңгейін көтеру; белгілі бір нақты халық шаруашылығы мәселелерін шешу бойынша (СУ деректері бойынша, 1922, № 69, б. 902).
1922 жылы РКФСР Жоғарғы Соты құрылды, оның құрамын Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің төралқасы тағайындады. 1933 жылы маусымда РКФСР прокуратурасының құрылуымен РКФСР прокуроры РКФСР ХКК, Әділет халық комиссарлары мен КСРО прокурорынан басқа БОАК де бағынды. (СЗ деректеріне сәйкес, 1934, № 1, 2-бап).
С.С.Войтиковтың пікірінше, М.И.Калинин БОАК төралқасының төрағасы болып сайланғаннан кейін бұл қызмет тек сәндік сипатқа ие болды, ал БОАК өзі нақты билікке ие болмаған ресми органға айналды.
РКФСР жаңа Конституциясына (1937) сәйкес РКФСР жоғарғы кеңесі РКФСР-дегі мемлекеттік биліктің жоғары органы болды.
1917 жылы 27 қазанда (9 қараша) жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің екінші съезінде сайланған Бүкілресейлік орталық атқару комитеті 101 адамнан құралды. Олардың ішінде 62 большевик, 29 солшыл эсер, 6 меньшевик-интернационалист, 3 украин социалист және 1 эсер-максималист болды.
1917 жылы қарашада БОАК мен Шаруалар депутаттары Кеңестері Съезінің Атқару комитеті біріктірілді. Біріккен БОАК құрамына шаруа атқару комитетінің 108 мүшесі кірді: 82 солшыл эсер, 16 большевик, 3 эсер-максималист, 1 меньшевик-интернационалист, 1 анархист және 5 «өзге топ». Нәтижесінде БОАК құрамында большевиктерге қарағанда солшыл эсерлер көп болды. Алайда маусым айында қабылданған шешім бойынша БОАК құрамына әскердің 80 өкілі, флоттың 20 өкілі және кәсіподақтардың 50 өкілі қосымша енгізілді. Сөйтіп, 25 қарашадан бастап большевиктер қайтадан БОАК көпшілігін құрады.
1918 жылы қаңтарда жұмысшылар, солдаттар, шаруалар және казактар Кеңестерінің ІІІ Бүкілресейлік съезі 326 адамнан тұратын БОАК сайлады, олардың ішінде 169 большевик, 132 солшыл эсер, 5 эсер-максималист, 5 оңшыл эсер, 4 анархист, 4 меньшевик-интернационалист, 2 меньшевик болды (Ф. Дан және Ю. Мартов).
1918 жылы 14 маусымда оңшыл эсерлер мен меньшевиктер Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің кезекті құрамынан контрреволюционер ретінде шығарылды.
Жұмысшы, солдат, шаруа және казак депутаттары Кеңестерінің Бесінші Бүкілресейлік съезінің қорытындысы бойынша БОАК құрамынан солшыл эсерлерді шығару туралы шешім қабылданды.
БОАК кейінгі құрамдарында кейде (елде көппартиялық жүйенің қалдықтары түпкілікті жойылғанға дейін) басқа партиялардың бірыңғай өкілдігіне рұқсат етілді.
БОАК белсенді түрде заң жобаларын әзірлеп, көптеген заң актілерін шығарды.
Мысалы, Бүкілресейлік орталық атқару комитетінде келесі құжаттар әзірленіп, қабылданды:
1917 жылы 2 қарашада БОАК мәжілісінде тұрақты жұмыс істейтін жедел орган ретінде құрылды. БОАК сессиялық жұмыс тәртібіне көшуімен іс жүзінде сессиялар арасындағы кезеңде жоғары билік органына айналды. БОАК төралқасы туралы конституциялық ұстаным 1919 жылы 9 желтоқсанда Кеңестердің VII съезінің «Кеңес құрылысы туралы» заңымен бекітілді. Соған сәйкес, Төралқа БОАК мәжілістерін басқарып, оларға материалдар дайындап, БОАК пленумының қарауына заңдардың жобаларын енгізіп, оның шешімдерінің орындалуын қадағалап отырды. 1920 жылы 29 желтоқсанда Кеңестердің VIII съезінің «Кеңес құрылысы туралы» заңымен БОАК төралқасына РКФСР ХКК қаулыларының күшін жоюға, БОАК атынан қаулылар шығарып, әкімшілік-шаруашылық бөлініс мәселелерін шешуге қосымша құқық берілді.
1925 жылғы РКФСР Конституциясына сәйкес БОАК төралқасы БОАК сессиялары арасындағы кезеңде РКФСР-нің ең жоғары заң шығарушы, өкім етуші және бақылаушы органы болды. Бүкілресейлік орталық атқару комитеті кезекті шақырылымда сайланды. 1938 жылы 3 желтоқсанда жойылды.
Алғашқыда жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің I Бүкілресейлік съезде БОАК төралқасының құрамына бірқатар партиялардың өкілдері кірді. Петроградтағы Қазан көтерілісінен кейін оңшыл эсерлер мен меньшевиктер Төралқа жұмысына қатысудан бас тартты, олардың орнына солшыл эсерлер өкілдері, сондай-ақ Кеңестердің II съезін ашқан большевиктер қосылды. 1918 жылдың 6-7 шілдесіндегі оқиғалардан кейін солшыл эсерлер партиясы заңсыз деп танылып, оның өкілдері кеңестер құрамынан шығарылды.
Бастапқыда БОАК төралқасының аппараты бөлімдерден тұрды, олардың көпшілігінде нақты және заңды түрде рәсімделген ережелері болмады. 1917-1921 жылдардағы Төралқа аппаратының құрылымына келесі бөлімшелер кірді:
1921 жылы 13 маусымда БОАК төралқасының жарлығымен аппарат қайта құрылды. Ол мыналардан тұрды:
Ілгеріде аппарат құрылымы бірнеше рет өзгерді. Тарату кезінде оның нысаны келесідей болды:
Портал «КСРО» |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.