From Wikipedia, the free encyclopedia
КСРО орталық атқару комитеті (КСРО ОАК) (орыс. Центральный исполнительный комитет СССР (ЦИК СССР)) — Кеңестердің Бүкілодақтық съездері құрған және Бүкілодақтық Кеңестер съездерінің аралығында мерзімдік (ал іс-жүзінде – анда-санда) сессияларда шақырылатын 1922-1938 жылдардағы КСРО мемлекеттік билігінің жоғарғы органы.
КСРО ССК сессиялар аралығындағы кезеңде КСРО билігінің жоғарғы органы болып табылатын Төралқаны, сондай-ақ одақтық республикалар саны бойынша Орталық Атқару Комитетінің қосарлас төрағаларын сайлады. КСРО ОАК кезекті сессиялары жылына үш рет, ал төтенше сессиялар — КСРО ОАК Төралқасының қаулысымен, КСРО ХКК немесе одақтық республиканың ОАК өтініші бойынша шақырылуы керек еді. Іс жүзінде 1922-1937 жылдар аралығында 1-ден 12 күнге дейін созылған барлығы 8 Кеңестер съезі мен ОАК 24 сессиясы өтті. КСРО ОАК сессияларының көпшілігі Мәскеуде, Ленинград пен Тифлисте — бір-бірден болды[1].
КСРО орталық атқару комитеті КСРО халық комиссарлар кеңесін, КСРО жоғарғы сотын құрды. Бүкілодақтық Кеңестер съезіне есеп берді.
1936 жылғы Конституция бойынша мемлекеттік биліктің жоғары органы ретінде Бүкілодақтық Кеңестер съезі мен оның орталық атқару комитеті 1938 жылы КСРО жоғарғы кеңесімен алмастырылды[2].
1924 жылға дейін КСРО ОАК — 6-бап КСРО-ның құрылуы туралы шарт негізінде құрылған бір палаталы орган болды. Құрамында одақтық республикалардың халық санына тепе-тең сайланған 371 өкілі кірді[3]. ОАК төралқасы 19 мүшеден сайланды.
1924 жылғы КСРО Конституциясы[4] бойынша екі палатадан: Одақ Кеңесінен және Ұлттар Кеңесінен тұрды. ОАК төралқасы 21 адамдық құрамда сайланды және оған ОАК қосарлас төрағалары, Одақ Кеңесі Төралқасы мен Төралқа хатшысы және Ұлттар Кеңесінің толық құрамы кірді.
Украин КСР-нан
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.