1501—1722 жылдары Иранды (Сефевилер мемлекетін) билеген әулет From Wikipedia, the free encyclopedia
Сефевид Әулеті — Ирандағы қызылбастар мемлекетін билеушілер (1502–1736). Сефеви Әулеті мемлекетін 16 ғасырдың басында Иран мен Әзірбайжанның түркі тілді тайпалары Ақ-Қоюнлу мемлекеті мен оның одақтастарын жеңгеннен кейін құрды.
Мемлекет атауы оның тұңғыш билеушісі шах Исмаил І-нің мұсылман дінінің сопылық бағытын ұстанған Ардабели шейхы Сефи әд-Дин ұрпақтарының бірі болғандығымен байланысты. Алайда Сефеви Әулеті билеушілерінің негізгі күші түркі тілдес тайпалар шииттердің 12 имамының құрметіне бастарына 12 қызыл жолақты шалма орағандықтан, бұл мемлекет тарихи шығармаларда көбінесе қызылбастар мемлекеті деп аталды.
Сефеви Әулеті мемлекетінің құрамына Иран, Әзірбайжан, Арменияның бір бөлігі, қазіргі Ауғанстан жерінің дені, кей кездерде Ирак жерлері енді. Сефеви Әулетінің белгілі өкілдері — Исмаил І, Тахмасп І (1524–1576), Аббас І (1587–1629).
Сефеви Әулеті мемлекетінің орт. алғашында Тебриз (1555 жылға дейін), 1555–1597 (1598) жылдары Казвини, 1597–1598 жылдан Исфаһан) болды.
Исмаил шах құзырындағылардың көпшілігі сүннит болғандығына қарамастан, мемлекеттік дін ретінде исламның шиит тармағына жататын Сефевид ағымын ұстанды.
Сефеви Әулеті көп жылдар бойы Осман сұлтандығы мен Орта Азия хандарына қарсы соғыс жүргізді. Тахмасп І-ден кейін басталған өзара тартыстар іс жүзінде мемлекеттің әлсіреуіне әкеліп соқты. Осман сұлтандығы Сефеви Әулеті мемлекетінің солт.-батыс аймақтарын, ал өзбек хандары Хорасанды жаулап алды, Аббас шах тұсында Сефеви Әулеті мемлекеті түрлі реформалар (салық, әкімшілік, әскери, т.б.) жүргізудің нәтижесінде нығайып, экономикасы біршама көтерілді. Аббас түріктер мен өзбектерге қарсы соғыста бірнеше рет жеңіске жетіп, Әзірбайжанды, Хорасанды, уақытша Иракты қайтарып алды. Сефеви Әулеті Ресей және басқа да елдермен дипломатиялық, сауда қатынастарын жүргізді.
XVIII ғасырдың басында тақ таласы мен халық наразылығы Сефеви Әулетінің саяси жағдайын әлсіретті. Көтеріліске шыққан ауған тайпалары 1722 жылы Исфаһанды жаулап алып, Осман сұлтандығы Сыртқы Кавказ және Иранда өз үстемдігін орнатты. Тахмасп шах ІІ (1722–1732) Сефеви Әулеті мемлекетінің Каспий маңындағы аймақтарын Ресейге беруге мәжбүр болды. Қалыптасқан ахуалды сәтті пайдаланған Сефеви Әулетінің қолбасшысы Нәдір шах Афшар Сефеви Әулетін биліктен кетіріп, өзінің жеке билігін орнатты.
Орта ғасырлық тарихи шығармаларда Сефеви Әулеті мемлекетінің 16–17 ғасырларда Қазақ хандығымен қарым-қатынасы жайлы деректер бар. Қазақтың батырлар жырында да қызылбастармен болған соғыстар жиі айтылады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.