From Wikipedia, the free encyclopedia
Сауытбек Абдрахманов (7 қараша, 1951 жыл Қазығұрт ауданы) – журналист, кино сыншысы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).
Сауытбек Абдрахманұлы Абдрахманов | ||||||||||||||||
Лауазымы | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||
22 наурыз 2016 бастап | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
14 қыркүйек 2003 — қыркүйек 2004 | ||||||||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||||||||||||
Премьер-Министр | Даниал Ахметов | |||||||||||||||
Ізашары | Мұхтар Құл-Мұхаммед | |||||||||||||||
Ізбасары | Алтынбек Сәрсенбайұлы | |||||||||||||||
Өмірбаяны | ||||||||||||||||
Партиясы | Нұр Отан | |||||||||||||||
Білімі | Қазақ мемлекеттік университеті | |||||||||||||||
Мамандығы | журналистика | |||||||||||||||
Дүниеге келуі | 7 қараша 1951 (72 жас) Қазығұрт ауданы, Түркістан облысы | |||||||||||||||
Марапаттары |
| |||||||||||||||
өңдеу |
Сары Үйсін руынан шыққан.[1]
Сауытбек Абдрахманов – кино өнері туралы мақалалардың, шығарма портреттердің, Ғ.Мүсірепов, Ш.Айтматов, Н.Жантөрин, т.б. танымал суреткерлермен сұхбаттардың және бірнеше деректі фильмнің авторы. М.Әуезов шығармаларының экрандалуы, Сауытбек Абдрахманов Пушкиннің «Евгений Онегин» романының аударылуы туралы зерттеулер жазды. Сонымен қатар «Отбасы өміріндегі әдеп пен психология» оқулығын, Д.Кабалевскийдің «Сырлы саз бен сұлу сезім» кітабын, «Бейбарыс сұлтан» атты романды, 40-қа жуық көркем фильмді қазақшалады. «Біздің Пушкин» (1999), «Тәуелсіздік шежіресі» (2001), «Адамзат күнтізбесі» (2002), «Елдік сыны» (2003), т.б. кітаптары шыққан.[2]
«Біздің Пушкин», «Тәуелсіздік шежіресі», «Адамзат күнтізбесі», «Елдік сыны», «Бер бана ат», «Коран и Пушкин», «Төлтума мен төлтума», «Перевод поэзии и поэзия перевода» кітаптарының, «Париж. ЮНЕСКО. Әуезов», «Қажылық», «Ертегілер еліндегі екі күн», «Мадридтегі мереке», «Мәңгілік мұрат», «Армысың, Астана!», «Биіктік» фильмдерінің авторы.
Қырыққа жуық көркем фильмді қазақшалан, В.Солоухиннің, Д.Кабалевскийдің шығармалары^ арабтың Бейбарыс сұлтан туралы халықтық романын, В.Гюгоның «Аласталғандарын» (2-ші кітап) аударған. «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты қос томдық қазақ поэзиясы антологиясының құрастырушы-авторы.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.