From Wikipedia, the free encyclopedia
Сарықамыс ойпаты (түрікм. Sarygamyş çöketligi, өзб. Sariqamish botigʻi) — Азиядағы ең үлкен тұйық ойпаттардың бірі. Өзбекстан мен Түрікменстан елдерінің аумағында, Арал т-нен оңт.-батысқа қарай 200 км қашықтықта жатыр. Ұзындығы 150 км шамасында, енді жері 90 км, түбінің таяз жері теңіз деңгейінен 45 м төмен. Ойыс пішіні сопақша келген. Оның бетін ертедегі көл шөгіндісі мен сор және үрме құм жапқан. Неогеннің аяғы және жоғ. төрттік дәуірінде пайда болды. Сарықамыс ойпатына Әмудария өз. құйғанда, көлге айналып, өзен қайтадан Арал т-не құйғанда, көл ойпаты құрғап қалады. Әмударияның суы соңғы рет Сарықамыс ойпатына 1878 жылдың жазында құйды. Қазір Сарықамыс ойпаты екі ойысқа бөлінген, бұларда көктемде қар суы жиналып, жазда олар құрғап, сорға айналады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Сарықамыс ойпаты түрікм. Sarygamyş çöketligi, өзб. Sariqamish botigʻi | |
Орналасуы | |
---|---|
42°00′ с. е. 57°30′ ш. б.42.000° с. е. 57.500° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | Түрікменстан Өзбекстан |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.