From Wikipedia, the free encyclopedia
Сааремаа, Сарема, Эзель (эст. Saaremaa, швед. Ösel) — Балтық теңізіндегі Моонзунд архипелагының ең ірі аралы, Эстонияға қарайды. Материктен Рига шығанағы, Ирбен және Муху бұғаздарымен бөлінген. Дамба арқылы Муху аралымен жалғастырылған. Негізінен әк тас және доломиттен түзілген. Климаты жұмсақ, теңіздік. Шағын өзендерге, көлге бай. Қиыршақ тасты, шымды-карбонатты және батпақтанған топырақта жергілікті жерде «альвара» аталатын селдір аршалы орман және қарағайлы орман, шалғын өседі. Теңіз жағасында теңіз құстары ұялайды. Егін егу, мал шаруашылығы және балық аулау дамыған. Сааремаада әк тас, сааремаа «мәрмәрі» және шипалы батпақтардың көптеген қоры бар. Аралда курортты қала — Кингисепп орналасқан.
Сааремаа эст. Saaremaa | |
Сырве түбегіндегі жағалау | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 2673 км² |
Ең биік нүктесі | 54 м |
Тұрғындар (2007 жыл) | 34 978 адам |
Халық тығыздығы | 13,086 адам/км² |
Орналасуы | |
58°25′00″ с. е. 22°30′00″ ш. б.58.4167° с. е. 22.5° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Архипелаг | Моонзунд архипелагы |
Акватория | Балтық теңізі |
Ел | Эстония |
Аймақ | Сааремаа |
Сааремаа Ортаққорда |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.