Реактивті қозғалтқыш
From Wikipedia, the free encyclopedia
Реактивтік қозғалтқыш[1] — жұмыстық дененің бастапқы энергиясын сол дененің реактивтік ағынының кинетикалық энергиясына түрлендіру арқылы тарту күшін тудыратын құрылғы. Қозғалтқыш соплосынан жұмыстық дененің сыртқа қарай ағып шығуы нәтижесінде жұмыстық дене ағынының тербелісі түрінде реактивті күш пайда болады. Реактивтік ағынның кинетикалық энергиясына түрленетін энергия химиялық, ядролық, электрондық, т.б. болуы мүмкін. Қазіргі кезде реактивтік қозғалтқыштарда алғашқы энергия көзі ретінде көбінесе химиялық энергия пайдаланылады. Реактивтік қозғалтқыштың негізгі бөлігі — жану камерасы. Оның бір жағында жанған жұмыс денесі үдемелі жылдамдықпен (реактивтік ағын түрінде) ұшып шығатын сопло болады. Реактивті қозғалтқыштардан тарту күші жоғары турбореактивті қозғалтқыштың алғашқы сұлбасын орыс инженері Н. Герасимов ұсынған (1909). Олар ғарышқа массасы ондаған тоннадан асатын ғарыш кемелерін, басқа да қажет жүктерді жеткізу үшін қолданылады.