Кинетикалық энергия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кинетикалық энергия – механикалық жүйе нүктелерінің жылдамдығы бойынша анықталатын энергия. Материалдық нүктенің Кинетикалық энергиясы (Т) мынаған тең: T=mv2/2, мұндағы m – материалдық нүктенің массасы, v – материалдық нүктенің жылдамдығы.
Механикалық жүйенің Кинетикалық энергиясы сол жүйе құрамындағы нүктелердің Кинетикалық энергияларының қосындысы бойынша анықталады: , мұндағы k – жүйе құрамындағы нүктелердің саны. Механикалық жүйенің Кинетикалық энергиясын түрінде де өрнектеуге болады, мұндағы M – бүкіл жүйенің массасы, vс – массалар центрінің жылдамдығы, Tc – жүйенің массалар центрі маңында қозғалғандағы Кинетикалық энергиясы. Ілгерілемелі қозғалыс жасайтын қатты дененің Кинетикалық энергиясы, массасы сол дененің массасындай, материалдық нүктенің Кинетикалық энергиясына тең. Белгілі бір осьтің (z) маңында -ға тең бұрыштық жылдамдықпен айналатын қатты дененің Кинетикалық энергиясы былай есептеледі: T=1/2Қ2, мұндағы Қ – инерция моменті.
Кез келген жүйенің Кинетикалық энергия сы сыртқы әсердің не сол жүйенің жеке бөліктерінің әсерлесуі салдарынан өзгереді. Бұл өзгерістің шамасы (T2 – T1) ішкі және сыртқы күштер тарапынан істелген жұмыстардың қосындысына тең: T2–T1=. Кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теореманы өрнектейтін бұл теңдіктің көмегімендинамиканың көптеген есептері шешіледі. Жарық жылдамдығымен (с) шамалас жылдамдықпен қозғалған дененің Кинетикалық энергиясы былай өрнектеледі:
мұндағы m0 – материалдық нүктенің тыныштықтағы массасы, с вакуумдағы жарық жылдамдығы, m0c2 – нүктенің тыныштықтағы энергиясы. Дене аз жылдамдықпен қозғалғанда (<<с) оның кинетикалық энергиясы әдеттегі m0c2/2 формуласы бойынша есептеледі.[1][2]