Жылдамдық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жылдамдық, механикада – нүкте қозғалысының негізгі кинематикалық сипаттамаларының бірі: = =dr/dt (мұндағы r – нүктенің радиус векторы, t – уақыт) теңдігімен анықталатын векторлық шама; физикалық шама өзгерісінін осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын, осы айнымалы шаманың уақыт бойынша өзгеруінің лездігі.[1]
Бірқалыпты қозғалған нүктенің жылдамдығы (), сан жағынан, нүктенің жүрген жолының (s) сол жолды жүруге кеткен уақыт аралығына (t) қатысына тең: = s/t, жалпы жағдайда: =ds/dt. Ж. векторы нүкте траекториясына жанама бойымен бағытталады. Егер нүкте қозғалысы x, y, z декарттық координаттарға байланысты тәуелділікті өрнектейтін теңдеулермен берілсе, онда: , мұндағы x= dx/dt, y= dy/dt, z= dz/dt, ал Ж. векторының координат осьтерімен жасайтын бұрыштарының косинустары сәйкес түрде мынаған тең: x/, y/, z/. Жылдамдықтың өлшемділігі: LT–1. Жылдамдықты, әдетте, м/с-пен (бірліктердің халықаралық жүйесінде), кейде км/сағ-пен өлшейді.[2]
Аталым | Жылдамдық |
Таңба | |
Өлшем бірлігі | LT−1 |
СИ | м/с |
СГС | см/с |