From Wikipedia, the free encyclopedia
Рахымбай Құлбаев [1] (1905, Жамбыл облысы Мерке ауданы – 1943) – ақын, журналист. КСРО Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1937), Қазақстан Қазақстан жазушылар одағының Қарағанды облысы өкілі (1937 – 40), аудандық газеттің редакторы (1940), 1932 – 34 жылдары Батыс Қазақстан, Түркістан облысында партия-кеңес қызметінде болған. Суырып салма ақындығымен танылды. Соғыстың алғашқы жылдарында майданда саяси жетекші болып, жауынгерлер арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Ақын есімі алғаш “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде “Қалың мал” (1927), “Тілші” газетінде “Егін ек” (1928) өлеңдері арқылы танылды. Мұнан өзге ол әңгіме, очерк, фельетон, әдеби зерттеулер, “Азамат”, “Құлын”, “Түлкі қалай қу атанды?” атты дастандар жазған.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.