![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/65/Carduelis_carduelis_1.jpg/640px-Carduelis_carduelis_1.jpg&w=640&q=50)
Пайыздар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Пайыздар (лат. Carduelis) – торғайтәрізділер отрядының құнақ тұқымдасына жататын құс.
Пайыздар | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
|
Қазақстанда 4 түрі бар:
- кәдімгі пайыз (C. carduelis) Көкшетау қыраты мен Алтайда;
- бозбас пайыз (C. caniceps) республиканың оңтүстігі мен шығысында кездеседі;
- жасылтауылжық (C. chloris);
- шымшық (C. spinus).
Осы 4 түрден басқа, соңғы ғылыми деректерге сай, Acanthis туысының Қазақстанда мекендейтін 4 түрі Carduelis туысына кіреді:
- шоңайнақ (C. cannabina);
- тау шоңайнағы (C. flavirostris);
- шекілдек (C. flammea);
- күл шекілдек (C. hornemanni).
Орманды, шабындықты жерлерді мекендейді. Қанатының ұзындығы 80 – 85 мм, салмағы 20 г-дай. Түсі әр түрлі. Маңдайы мен алқымы қызыл, төбесі қара, қанатында көлденең тартылған сары жолағы болады, жоны қоңыр. Өсімдік дәнімен, жәндіктермен қоректенеді. Ұясын ағаш басына салады. Көкшіл не жасыл түсті 4 – 6 жұмыртқа салып, оларды мекиені 12 – 13 күндей басады. Балапандары ұяда жарты айдай болады. Бір жазда 2 рет балапан өргізуі мүмкін. Пайызторғайлар арамшөптердің тұқымдарын, зиянкес жәндіктерді құртып, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.[1]
-
Кәдімгі пайыз
-
Кәдімгі пайыз
-
Америка пайызы
Дереккөздер
- “Қазақ Энциклопедиясы”, V-том
![]() |
Бұл — орнитология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |