Көкшетау
Ақмола облысының орталығы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Көкшетау (латын — қаз. Kökşetau; айтылуы [køkɕetɑw] тыңдау; 1868 жылға дейін бұрынғы атауы — Көкшетау бекінісі, 1993 жылға дейін орыс транскрипциясында — Кокчета́в; айтылуы [koktɕɪˈtav]) — Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан; 1944 – 1997 ж. Көкшетау облысының орталығы болған), Қазақстанның солтүстігінде, Бұқпа тауының етегі мен үлкен Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы (көлге Шағалалы және Қылшақты өзендері құяды) көркем жерде орналасқан қала (1862 жылдан).[3] Қала ауданы — 233,97 км². Ал Көкшетау әкімшілік-аумақтық құрылымының ауданы — 425 км². Қала Батыс Сібір жазығының оңтүстік-батыс бөлігінің шекарасында, Есіл жазығының оңтүстік шетінде, тау бөктері қаланы оңтүстік пен батыстан қоршап тұрған Көкшетау қыратының солтүстік баурайы шегінде орналасқан.
Қала | ||||
Көкшетау | ||||
Сағат тілімен: Абылай хан алаңы, Тәуелсіздік алаңы, Ақмола облысының әкімдігі, Бұқпа төбесінен көрінген Көкше тауы, «Аққу» ведомствалық балабақшасы, Көкшетау орталығындағы тарихи ғимарат. | ||||
| ||||
Әкімшілігі | ||||
---|---|---|---|---|
Ел |
ҚазақстанҚазақстан | |||
Статусы |
Облыс орталығы | |||
Облысы | ||||
Әкімі |
Бауыржан Ғайса | |||
Тарихы мен географиясы | ||||
Координаттары |
53°17′ с. е. 69°23′ ш. б.53.283° с. е. 69.383° ш. б. / 53.283; 69.383 (G) (O) (Я) | |||
Құрылған уақыты | ||||
Бұрынғы атаулары |
Көкшетау бекінісі (1868 дейін) | |||
Қала статусы | ||||
Жер аумағы |
233,97 км² | |||
Орталығының биiктігі |
234 м | |||
Климаты |
қатаң-континенталды, қуаң | |||
Уақыт белдеуі | ||||
Тұрғындары | ||||
Тұрғыны |
▲ 174 613[1] адам (2023) | |||
Тығыздығы |
746 адам/км² | |||
Ұлттық құрамы |
қазақтар — 59,34 %, | |||
Конфессиялар |
мұсылмандар (негізінен суниттер) | |||
Этнохороним |
көкшетаулық, көкшетаулықтар | |||
Сандық идентификаторлары | ||||
Телефон коды |
+7 7162xх-xx-xx | |||
Пошта индекстері |
020000—020010 | |||
Автомобиль коды |
C (2013 жылға дейін), 03 (2013 жылдан бастап) | |||
Басқалары | ||||
Өзендері | ||||
Көкшетау қаласының әкімдігі | ||||
Ортаққордағы санаты: Көкшетау |
Тұрғындарының саны — 150,649 адам (2022).[4] Көкшетау Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша он сегізінші орында орналасқан. Көкшетауда көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Саны жағынан ең көп таралған ұлттарға қазақтар (58,05 %) мен орыстар (29,41 %) жатады. Негізгі діни топтар — мұсылмандар (суниттер) мен христиандар (православтар және католиктер). Әртүрлі діни сенім өкілдерінің ғасырлар бойы қатар өмір сүріп жатқан қаласы ретінде танымал, өзінің дәстүрлі діни түрлілігімен белгілі. Қала әкімшілігіне бағынышты екі ауылдық округте 12 563 адам өмір сүреді.
Көкшетау — Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы.[5] Көкшетау қаласы – Қазақстанның көрікті қалаларының бірі, іргетасы 1824 жылда қаланған. Ақмола облысының экономикалық және мәдени бай шаһарларының бірі, сондай ақ Солтүстік Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі болып табылады. Қазақстанның аса ірі жол торабы (шоссе және темір жол). Ол Бурабай мен Зеренді сияқты табиғаты мен туристік орындарымен танымал. Көкшетау Петропавлдан шамамен 185 шақырым қашықтықта, Астанадан солтүстік-батысқа қарай A-1 бойымен 276 шақырым қашықтықта, Ресейдегі Омбыдан A-13 (Көкшетау—Омбы) бойымен 318 шақырым қашықтықта және Қостанайдан 384 шақырым қашықтықта орналасқан. Қалаға Көкшетау Халықаралық Әуежайы мен Көкшетау-1 стансасы қызмет көрсетеді.