From Wikipedia, the free encyclopedia
Отыз жылдық соғыс (1618 – 1648) – габсбургтер әулеті (папа қауымы қолдаған Испания және Австрия Габсбургтері, Германияның котолик князьдары, поляк-литва мемлекеті (Речь Посполита) мен оған қарсы мемлекеттер (Германияның протестант князьдары, Франция, Швеция, Дания және Англия, Голландия, Ресейдің қолдауымен) арасында болған еуропалық соғыс.
Отыз жылдық соғыс | |||
Дата |
1618 жылдың 23 мамыры - 1648 жылдың 24 қазаны | ||
---|---|---|---|
Орын |
Еуропа (негізінен Германия аумағы) | ||
Себеп |
Германиядағы протестанттар мен католиктердің діни қақтығысы | ||
Нәтиже |
Вестфаль бейбіт шарты | ||
Қарсыластар | |||
| |||
Соғыс Қасиетті Рим империясындағы католиктер мен протестанттардың арасындағы қақтығыс ретінде басталып, Габсбург әулетінің Еуропадағы гегемониясын тоқтату күресіне ұласты. Құрлық тарихындағы ең ірі дін үшін соғыс халықаралық қарым-қатынастардың Вестфаль жүйесінің тууына алып келді.
Соғыс 1618 жылдың 23 мамырында Прагадағы дефенестрациядан кейін басталды. Габсбург әулетінің Чехия корольдігінің халқын католицизмге қайтару әрекеттері чех таптарының наразылығына алып келді. Әлем тарихында кейін орын алған әскери қақтығыстар император қарсыластарының атауымен аталып, 4 кезеңге бөлінген: чех-пфальц, даниялық, швед және франк-швед. Соғысты тоқтатудағы екі талпыныс (1629 жылғы Любек бейбіт келісімі және 1635 жылғы Прага бейбіт келісімі) сәтсіз аяқталды. 1641-1648 жылдары жиналған жалпыеуропалық Вестфаль бейбіт конгресі ғана бұл қақтығысты тоқтата алды. 1648 жылдың 24 қазанында Вестфаль бейбіт келісімі Қасиетті Рим империясы мен империялық таптардың арасындағы болашақ қарым-қатынастардың реті мен мемлекеттегі конституцияның шегін айқындады. Біріккен провинциялардың республикасы (қазіргі Нидерлан корольдігінің аумағы) мен Швейцария одағы империя құрамынан шығып, тәуелсіздік алды.
Негізгі қақтығыстар Орталық Еуропада өтті(бүгінгі Германияның аумағы). XVII ғасырдың ортасына қарай Оңтүстік Германияда халықтың үштен бір бөлігі ғана аман қалды. Соғыстың кесірінен туындаған әлеуметтік және экономикалық дағдарыстан шығу үшін бір ғасырдай уақыт қажет болды.
Майдан даласына айналған Қасиетті Рим империясының аумағындағы Отыз жылдық соғыс төрт негізгі кезеңге бөлінеді: чех, даниялық, швед және франк-швед. Германия аумағынан тыс қақтығыстар жергілікті сипатқа ие болды (Испания мен Біріккен провинциялар соғысы, Орыс-поляк соғысы, Поляк-швед және тағы басқалары). Соғысқа қатысушылар екі үлкен коалициядан құралған. Бірінші коалицияға Орталық және Шығыс Еуропадағы Габсбург әулетінің иеліктері, Испаниямен біріккен Португалия, Польша және Рим папасы енді. Антигабсбург одағын Франция, Швеция, Дания корольдігі, протестанттық Германия, Чехия, Трансильвания, Венеция, Савоя кнзьдіктері, Біріккен провинциялардың республикасы құрады. Антигабсбург одағы Англия, Шотландия, Мәскеу мемлекетіның қолдауына ие болды. Вена мен Мадрид майдандағы әрекеттерін біріктіріп жүргізді. Отарларының арқасында байыған Испания императорды қаржыландырып отырды.
Бірақ 1634 ж. Оңт. Германиядағы Нердлинген маңында испан әскерлерінен жеңіліп қалды. О. ж. с-тың соңғы кезеңінде (1635 – 48) Франция Германия жерінде габсбургтерге қарсы соғысқа шықты. Франция мен Швеция әскерлері бірлесе отырып бірнеше ірі жеңіске жетті. Габсбургтік блок жеңілгенін мойындады. Вестфаль бітімі (1648) бойынша Солт. Германиядағы кеме жүретін өзендердің сағасы Швецияға, Эльзастағы жерлер, сондай-ақ Мең, Туль, Верден Францияға берілді.[1]
Делегаттардың саны бойынша (135) Вестфаль бейбіт келісімі Еуропа тарихындағы ең ірі конгресс болды. 1645 жылдың қарашасына дейін болашақ делегаттар негізінен конгресті өткізудің шарттарын талқылаумен өткізді.
1648 жылдың 24 қазанында Мюнстер мен Оснабрюктегі келісім Вестфаль бейбіт келісімі ретінде белгілі. 30 қаңтарда қол қойылған Мюнстер бейбіт келісі бойынша Испания мен Біріккен провинциялардың арасындағы сексенжылдық соғысты тоқтатты. Әлі шешімін таппаған Франция мен Испания арасындағы соғыс 1659 жылы Пиреней бейбіт келісімінен кейін аяқталды.
Вестфаль бейбіт келісімі бойынша:
Реституциялық Эдикт және Прага бейбіт келісімі өз күштерін жойды. Шіркеу иеліктерінің шекарасы 1624 жылдың 1 қаңтарына сәйкес белгіленді. Қудалауға ұшыраған барлық князьдерге, қалаларға рақымшылық жасалды, соғыс кезінде саудаға қойылған барлық шектеулер жойылды. Рейннің бойында еркін кеме қатынасына рүқсат берілді. Бітім шартының құжатында әскерлердің демобилизациясы туралы ешқандай пункт болған жоқ. Бұл мәселелерді шешу 1649 жылдың сәуір айында Нюрнберг конгресі кезінде басталды.
Ғалымдардың пікірлері бойынша адам шығыны 5-8 миллион шамасында болды. Көптеген аймақтар халқының 20-45 % айырылды. Германияда соғыстан, індеттер мен аштықтан ауыл халқының 40 %, ал қала халқының үштен бір бөлігі қайтыс болды. Майдан даласына айналған облыстарда (Мекленбург, Пфальц, Померания) халық саны 50 %, кейде 70 % кеміді. Вестфаль конгресінде швед әскеріне көптеген айыптар тағылды (бұзылған 2000 қамал, қиратылған 1 500 қала мен 18 000 ауыл, металлургиялық зауыттар мен мыс рудалары және т.б.). Медициналық статистік Ф. Принцингтің пікірінше, Германиядағы індеттерден қайтыс болғандардың саны майдан даласында қаза тапқандардан артық болды.
Соғыс Габсбург әулетінің құлдырауына әкелмесе де, Еуропадағы геосаяси жағдайды түбегейлі өзгертті. Франция құрлықтағы гегемонға айналып, Испанияның дағдарысы айдан анық көрінді. Швеция Балтық теңізінің қожайынына айналды. 300-ден астам ұсақ неміс мемлекеттері тәуелсіздікке қол жеткізді (олардың императорға тәуелсілігі қағаз жүзінде ғана қалды). Бұл жағдай 1806 жылға дейін жалғасып, Қасиетті Рим империясының құлауымен аяқталды.
Қасиетті Рим империясы тұрғындарының діни құқықтары (кальвинизм, лютеранттық, католицизм) теңестірілді. Еуропа мемлекеттеріндегі өмірге діннің ықпалы күрт азайды. Олардың сыртқы саясаты экономикалық, әулеттік, геосаяси мүдделерге негізделе бастады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.