From Wikipedia, the free encyclopedia
Нұрсұлу Елубайқызы Тапалова (13 қыркүйек 1923 жылы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы - 13 қараша 1998 жылы, Алматы) — қазақтың тұңғыш балеринасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1954).
Інісі Тапалов Нұрғали (туған жылы 1929) мемлекеттік академиялық Опера және балет театрында хор әртісі ретінде жұмыс істеген. Әпкесі Тапалова Жұмаш (туған жылы 1919)Нұрсұлудың қарамағында болған.
Бишінің жары – Шоқыр Бөлтекұлы. Ол – тұңғыш кәсіби боксшы, бапкер. Кезінде Бауыржан Момышұлы: «Екі-ақ нағыз қазақ бар, бірі – мен, бірі – Шоқыр», – деген екен. Боксшы фамилиясын қазақша жаздырғаны үшін де айтса керек. Нұрсұлу мен Шоқырдың екі қызы бар: Айсұлу мен Тоты.
Халық әртісі Болат Аюханов «Менің балетім» деген кітабында:
«Нұрсұлу – бисіз өмірін елестете алмайтын нәзік жан. Ол Галина Улановамен «Бақшасарай бұрқағында» Зареманың рөлін сомдады. Нұрсұлу Зареманы классикалық дайындықсыз биледі. Алайда, оның Заремасы нағыз шығыстың аруы болып шықты. Оның биін көріп отырып биге елітіп кетпеу, ғажайып сұлу биіне қарай отырып, оның тартымды әсеріне ерекше бой алдырмау мүмкін емес. Нұрсұлу дәстүрлі классикалық би өнерінің толып жатқан қым-қуат қиындығын орасан зор ерекше күшімен жеңе білді. Ол қиындығы мол ерекше тәсілдерді бейнелер арқылы сомдап, олардың нәзік сезімдерін көрерменге айрықша жеткізе білді. Бұл биші нағыз ұлтының бағына жаралған», – деп жазды.
Тоты Шоқырқызы анасы туралы былай дейді:
«Не бір мықты қылқалам шеберлері қазақтың сұлу қыздарының суретін саларда, менің анамның сымбатын салыстырып қарап алып кірісуші еді. Бірде Америкадан Кеңес одағының мәдениеті мен өнерін көруге делегация келген болатын. Ол кез киноның дамып келе жатқан кезі, сапарларын киностудиядан бастамақшы болады. Барлық он бес республиканың арулары сынға түскен байқауда бізден Нұрсұлу Тапалова шығып өнер көрсетеді. Сол кезде шетелдік меймандар қазақ қызының сымбаты мен сұлулығына, мың бұралған тамаша биіне ерекше таңданысып, оны келісім-шартпен «Голливудқа» шақырады. Ол келісімін беріп, бәрі шешілгенде, сол кездің атқамінерлері түрлі сытауларды алға тартып, барын салып, анамды Голливудқа жібермей қояды.
Жалпы, анам мен әкемнің махаббаты өте керемет еді, тіпті, бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын. Анам әкемді үнемі Шоқ деп отыратын, ал, әкем анамды бәрінен де сен сұлу деп еркелететін. Олар тіршіліктегі жоқшылыққа, жұрттың алыпқашпа әңгімелеріне мән бермейтін. «Ит үреді, керуен көшеді» деп отыратын анам, өзінің сұлулығы мен өнері үшін қызғаныштың қызыл отына көп күйді. Небір айтқыштар болады ғой, не десе де, мен оларды бір Жаратқанға тапсырдым, ит үреді керуен көшеді демей ме, қазақ қайдағы бір шәуілдеген дыбысқа бола керуен жүрісінен жаңылмас деп отырушы еді.
Анам туралы сыр ағыту маған өте ауыр, жүрегімдегі махаббатымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әкем өмірден кеткенде қатты қайғырып, өзі де айықпас дертке шалдығып, 5 жылдан соң көз жұмды".[1]
"Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.