From Wikipedia, the free encyclopedia
Ойыл ауданы — Ақтөбе облысының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1930 жылы құрылған. Орталығы – Ойыл ауылы.
Қазақстан ауданы | |
Ойыл ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
7 |
Ауыл саны |
22 |
Әкімі |
Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаев |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Ойыл ауылы, Құрманғазин көшесі, №43 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
49°14′24″ с. е. 54°27′00″ ш. б.49.24000° с. е. 54.45000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1930 |
Жер аумағы |
11,5 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
16 088[1] адам (2023) |
Тығыздығы |
1,4 адам/км² |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (99,16%), орыстар (0,62%), татарлар (0,15%), украиндар (0,04%), басқалары (0,03%)[2] |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі |
030900-030907[3] |
Автомобиль коды |
04 |
Солтүстігінде облыстың Қобда, шығысында Темір, оңтүстігінде Байғанин аудандарымен, батысында БҚО-ның Қаратөбе, Атырау облысының Қызылқоға аудандарымен шектеседі.
Ойыл ауданының жері негізінен эрозия-денудациялық жазықта орналасқан. Орталық бөлігі көтеріңкі келген, сай-жыралармен тілімденген. Өзен аңғарында Барқын, Сарытөбе т.б. құмды алқаптар кездеседі. Геоморфологиялық тұрғыдан аудан Каспий маңы ойпатының құмды-саздақты жазығында орналасқан. Жер қыртысы Шығыс Еуропа платформасының Каспий маңы синклизасына (ойысына) кіреді. Ол өз кезегінде Елек-Ембі белдеміне ажыратылады. Елек-Ембі белдемі Орал алды ойпаңының Елек-Ойыл жарылысы арқылы өтеді. Жер бетін жоғарғы бор жыныстары жауып жатыр. Кейбір жерлерінде палеоген жыныстары ұшырасады. Жер қойнауында мұнай, газ, гипс, әктас, қиыршықтас, т.б. кен байлықтары барланған.
Ойыл ауданының климаты тым континенттік, қысы суық, қар жамылғысы 20 см-ден аспайды. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –14 – 16°С. Шілдедегі орташа температура 22 – 24°С. Жел жиі соғады. Оның басым бағыты оңтүстік-батыс және солтүстік-батысқа келеді. Жылдамдығы 3 – 4 м/с. Аязсыз күндер 140 тәулік. Жылудың көпжылдық жиынтығы 2800°С. Агроклиматтық тұрғыдан аудан қоңыржай-құрғақ белдемге жатады. Оның геотермиялық коэффиценті 0,3 – 0,5 (қуаң). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 220 – 250 мм.
Аудан жерінен шығыстан батысқа қарай Ойыл өзені ағады. Оның Ащыойыл, Шағырлы, Қайыңды, Ботабай, Қиыл, Кенжалы, Қуырдақты, т.б. салалары бар. Бірнеше шағын көлдер (Қамыскөл, Соркөл, т.б.) орналасқан. Жер асты су қабаты жоғарғы бор және бор кезеңінің құрылымында шоғырланған. Ол 5 – 15 м тереңдікте жатыр. Суы сәл кермек татиды. Артезиан суы 15 – 40 м тереңдікте және ол Орал-Ембі артезиан алабына жатады. Топырағы бозғылт қоңыр, қызғылт қоңыр, оңтүстігінде қиыршықтасты қоңыр, сортаңды бозғылт қоңыр. Өзен-көл аңғарлары мен жайылымдарында шалғынды қызғылт қоңыр топырақ тараған. Өсімдігінде бұта шоғырлары аралас бетеге, қылқанбоз, еркекшөп, көде, бозжусан, құмжусан, т.б. қуаң далаға тән өсімдіктер басым. Барқын құмында шағын қарағай орманы бар. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан; құстардан дуадақ, безгелдек, үйрек, қаз кездеседі.
Тұрғындар саны - 18651 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (99,15%), орыстар (0,65%), украиндар (0,02%), татарлар (0,17%), басқалары (0,08%). Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,62 адамнан келеді.
Аудандағы 22 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Көптоғай ауылдық округі | Көптоғай ауылы | 4 | ▼2041 |
Қайыңды ауылдық округі | Ақжар ауылы | 2 | ▼1006 |
Қараой ауылдық округі | Қараой ауылы | 2 | ▼1058 |
Ойыл ауылдық округі | Ойыл ауылы | 4 | ▲7408 |
Саралжын ауылдық округі | Кемер ауылы | 5 | ▼1682 |
Сарыбие ауылдық округі | Сарыбие ауылы | 2 | ▼1093 |
Шығанақ Берсиев ауылдық округі | Қаратал ауылы | 3 | ▼1770 |
Ауданда 1997 жылға дейін биязы жүнді қой, оған қосымша етті-сүтті мал, жылқы өсіруге, астық өндіруге маманданған 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты бұрынғы шаруашылықтар әр түрлі бағыттағы шаруашылық субъектілеріне жекешелендірілді. Нәтижесінде 2003 жылдың басында ауданда ауыл шаруашылық құрылымдарында 200-ге жуық шаруа қожалықтары, 17 ЖШС, 46 ӨК жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында жарамды жердің аумағы1,08 млн. га, оның ішінде егістігі 8,6 мың га, шабындығы 383,2 мың га, жайылымы 607,3 мың га, орманы 2,8 мың га. Аудан негізінен қой өсіруге және бақша, көкөніс, картоп өсіруге маманданған.
Әлеуметтік салада ауданда 25 мектеп, 14 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 4 клуб, 1 музей, аудандық аурухана, емхана, сан.-эпидемиологиялық станция, 8 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді. Аудан жерінен Ойыл – Шұбарқұдық, Ойыл – Қобда автомобиль жолдары өтеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.