Надежда Андреевна Лушникова (1940 жылы 22 қарашада Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында туған) — айтыс ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (2010). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1970). Құрмет орденінің иегері. Жамбыл ауданының құрметті азаматы.
Надежда Андреевна Лушникова | |||
Туған күні | |||
---|---|---|---|
Туған жері | |||
Азаматтығы | |||
Ұлты | |||
Мансабы | |||
Бағыты | |||
Шығармалардың тілі | |||
Дебюті |
"Елім менің" жыр жинағы (1963) | ||
Марапаттары |
| ||
Сыйлықтары |
Толығырақ
- Лушникова Надежда Андрейқызы 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысы Қарасай ауданы (бұрынғы Қаскелең ауданы) Шамалған ауылында дүниеге келген.
- 1961 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін (бұрынғы Қызылорда педаогогика институты) бітірген.
- 1969 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факултетін бітірген.
- Еңбек жолын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
- 1962 — 1984 жылдары Қызылорда облысы Сырдария ауданы комсомол комитетінің хатшысы
- Қызылорда облысы “Ленин жолы” газетінде әдеби қызметкер, “Жазушы” баспасында редактор, ауыл мектептерінде мұғалім болды.
- 1985 жылдан Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Ү. Кәрібаев мұражайының директоры.
Шығармашылығы
- Надежда Лушникова жастайынан домбыра тартып, ән орындаушылығымен танылды, жазба әрі суырыпсалма ақындығымен де белгілі болды.[1]
- Ақынның “Елім менің” (1962), “Көңіл қошы” (1970) атты жеке жыр жинақтары шыққан. Айтыстары “Жыр шашу”, “Мәңгі көктем” (1988) жинақтарына енген. Республикалық айтыстарда, М. Көкеновпен (1980), Ә. Манаповпен (1985), т.б. болған жыр сайыстарында дәстүрлі айтыс өнерінің жаңаша дамуына елеулі үлес қосты.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Марапаттары
- Қазақ КСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (құрметті атағы)
- 1970 жылы - Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты ("Көңіл-күй"және "Туған жер" өлеңдер жинағы үшін)
- 2010 жылы - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағының иегері
- 2013 жылы - "Тіл жанашыры" ұлт белгісінің иегері
- 2017 жылы - ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған.
- Алматы облысы Жамбыл ауданының құрметті азаматы.
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.