Мырза Масрур Ахмед
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мырза Масрур Ахмед (урду: مرزا مسرور احمد) – Бүкіләлемдік Ахмадия мұсылман жамағатының қазіргі басшысы (бас Имамы). Рухани лауазымы: Халифа-түл-Мәсіх V (ауд.: Мәсіхтің Бесінші Халифі ), мағынасы: ахмадилердің сенімі бойынша, үмметке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди Хазірет Мырза Ғұләм Ахмедтің ісін жалғастырушы бесінші орынбасары дегенді білдіреді. Ахмадия Мұсылман Жамағатының Төртінші Халифі Мырза Тахир Ахмед қайтыс болған соң, үш күннен кейін, яки 2003 жылдың 22 сәуірінде Мырза Масрур Ахмед жамағаттың Бесінші Халифі болып сайланды.