From Wikipedia, the free encyclopedia
Минтимер Шәріпұлы Шәймиев (тат. Минтимер Шәрип улы Шәймиев; 20 қаңтар 1937 жыл, Мінзәлі ауданы, Татар АКСР) — ресейлік саясаткер, Татарстанның тұңғыш президенті (1991–2010) және «Біртұтас Ресей» саяси партиясы негіздеушілерінің бірі.
Минтимер Шәріпұлы Шәймиев тат. Минтимер Шәрип улы Шәймиев | ||||
Шәймиев 2019 жылы | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
26 сәуір 2010 жылдан бастап | ||||
Президент | өзі Рүстем Миңнеханов | |||
| ||||
4 шілде 1991 — 25 наурыз 2010 | ||||
Президент | Борис Ельцин Владимир Путин Дмитрий Медведев | |||
Ізашары | лауазымы құрылды, Татар КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы ретінде өзі | |||
Ізбасары | Рүстем Миңнеханов | |||
| ||||
11 сәуір 1990 — 4 шілде 1991 | ||||
Ізашары | лауазымы құрылды, Татар АКСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы ретінде Мирфатых Зәкиев | |||
Ізбасары | Фарид Мұхамматшин | |||
| ||||
23 қыркүйек 1989 — 23 қыркүйек 1990 | ||||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | «Біртұтас Ресей» | |||
Білімі | Қазан ауыл шаруашылығы институты | |||
Діні | Сунни ислам | |||
Дүниеге келуі | 20 қаңтар 1937 (87 жас) Әнәк ауылы, Мінзәлі ауданы, Татар АКСР, РКФСР, КСРО | |||
Әкесі | Шағишәріп Шаймұхамметұлы Шәймиев (1901—1967) | |||
Анасы | белгісіз | |||
Жұбайы | Сақина Шәкірқызы Шәймиева (1939—2018) | |||
Балалары | Айрат (1962 туған) Радик (1964 туған) | |||
Минтимер Шәріпұлы Шәймиев Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Қазан ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1959). 1969–1983 жылы Татарстанның мелиорация және су шаруашылық министрі, 1983–1985 жылы Татарстан облысы партия комитетітінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1985–1989 жылы Татар АКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989–1990 жылы Татарстан облысы партия комитетітінің 1-хатшысы, 1990–1991 жылы Татарстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1991 жылы маусым айынан бастап 2010 жылға дейін Татарстан Республикасының тұңғыш Президенті (1996 жылы қайта сайланды). Шәймиевтің тікелей қатысуымен 1990 жылы 30 тамызда «Татарстанның мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларация», 1992 жылы 6 қараша күні Татарстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды және 2 рет (19–22 маусым, 1992 жылы; 26–29 тамыз, 1997 жылы) татарлардың Дүниежүзілік конгресі өткізілді. Шаймиев саяси-қоғамдық өмірде Татарстан халқының жан-жақты дамуында, елдегі ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтауда, жақын және алыс шет елдермен қарым-қатынастар шеңберін барынша кеңейтуде ерекше еңбек сіңіріп келе жатқан саяси басшы ретінде танылды. Ресми сапармен Қазақстанда бірнеше мәрте болған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.