Біртұтас Ресей
Ресей саяси партиясы From Wikipedia, the free encyclopedia
Ресей саяси партиясы From Wikipedia, the free encyclopedia
Бүкілресейлік «Біртұтас Ресей» саяси партиясы (орыс. Всероссийская политическая партия «Единая Россия»), қысқартқанда Біртұтас Ресей[3] (орыс. Единая Россия[2]) — Ресейдегі ең ірі саяси партия. 2001 жылғы желтоқсанда Отанымыз — Бүкіл Ресей мен Бірлік партияларының біріккені арқылы құрылды.
Біртұтас Ресей | |
орыс. Единая Россия | |
Басшысы |
Владимир Путин (де-факто) |
---|---|
Негізін салушы |
Юрий Лужков |
Құрылған жылы | |
Штаб-пәтері |
129110, Мәскеу, Банный жолы, 3А үйі |
Идеологиясы |
Центризм |
Интернационалы | |
Одақтастар және жақтастар | |
Жастар ұйымы | |
Мүшелер саны |
2 073 772 адам (2013) |
Аймақтық парламенттердегі депутат саны |
2849 / 3982 |
Мемлекеттік Думадағы депутат саны |
188 / 450 (3-сайланым) 306 / 450 (4-сайланым) 315 / 450 (5-сайланым) 238 / 450 (6-сайланым) 340 / 450 (7-сайланым)[1] 325 / 450 (8-сайланым)[2] |
Әнұраны |
жоқ; съездерінде Ресей әнұраны ойнатылады |
Біртұтас Ресей қазіргі президент Путиннің барлық шешімдерін қолдайтын партия болып келеді. Қазіргі кезде ол партияның мүшесі де, басшысы да болмағанымен, ол оның де-факто лидері (басшысы) болып келеді.[4]
Партияның идеологиясы тұрақсыз деп сипатталады. Партия негізінен Путинді қолдайтын және идеологиялық емес сайлаушыларға жүгінеді[5] және саясаттанушылар Біртұтас Ресейді жиі «билік партиясы» және «универсалды партия» деп атайды.
«Біртұтас Ресейдің» ізашары 1999 жылғы желтоқсандағы Дума сайлауына үш ай қалғанда Юрий Лужков басқаратын «Отан – Бүкіл Ресей» (ОВР) партиясының алға жылжуына қарсы тұру үшін құрылған «Бірлік» блогы болды. Партияның құрылуын Кремль қолдаған. Президент Борис Ельцин және премьер-министр Владимир Путиннің рейтингі әлі де төмен болғандықтан, олар «Бірлік» партиясының көп табысқа жетуін күтпеген. Жаңа партия құзыреттілік пен прагматизмге баса назар аудара отырды. Партия көшбасшысы болып Төтенше жағдайлар министрі Сергей Шойгу тағайындалды.
Құрылтайшылардың күткеніне қарамастан, Бірліктің 1999 жылғы сайлаудағы сайлау науқаны сәтті өтті, партия 23,3 % дауыс алды, бұл ОВР-ның 13,3 % дауысынан едәуір көп және Коммунистік партияның 24,3 % аздау болды. Сайлау нәтижелері Путиннің 2000 жылғы президенттік сайлауда жеңіске жететінін де айқын көрсетті, нәтижесінде қарсыластар Лужков пен Евгений Примаков сайлаудан шығып қалды. Ельцин сонымен қатар 1999 жылғы 31 желтоқсанда президент қызметінен кетуі арқылы Путинге серпін берді.
Бастапқыда «Бірлік» тек 1999 жылғы Дума сайлауымен шектелген бір тар мақсатты көздесе, сайлау нәтижелерінен кейін мемлекеттік қызметкерлер партияны тұрақты партияға айналдыруды бастады. Партия делегациясының құрамына Думаға сайланған көптеген тәуелсіз депутаттар шақырылды. Көптеген ОВР депутаттары, соның ішінде оның жетекшісі Лужков қосылды. 2001 жылғы сәуірде ОВР және Бірлік көшбасшылары бірігу процесін бастағаны туралы бірлескен мәлімдеме жасады. 2001 жылғы шілдеде «Бірлік және Отан одағы» деп аталатын біртұтас партия өзінің құрылтай съезін өткізіп, 2001 жылы желтоқсанда Бүкілресейлік «Бірлік пен Отан» партиясы болып аталуды бастады.
2003 жылғы 13 қаңтар Біртұтас Ресейдің мүшелер саны 257 мыңға жетті. Бұл РЛДП (600 000) және коммунистердің (500 000) партияларынан аз болды.
2003 жылғы наурызда өткен партияның екінші съезінде Сергей Шойгу орнынан түсіп, Борис Грызлов партияның жаңа жетекшісі болып сайланды.
Путиннің президент ретіндегі алғашқы жылдарында елдің экономикасы айтарлықтай жақсарды, өткен онжылдықпен салыстырғанда жыл сайын өсті және Путиннің рейтингі 70%-дан әлдеқайда жоғары болды. Ресейдің экономикасын қалпына келтіруге мұнай, газ және шикізат сияқты негізгі экспорттық тауарлардың жоғары бағасы көмектесті.
«Біртұтас Ресей» Думада басым партия болғаннан кейін заң жобаларының өту деңгейі айтарлықтай өсті. 1996–1999 жылдары үшінші оқылымнан өткен заңнаманың тек 76 %-ына Президент қол қойған болса, 1999–2003 жылдары бұл көрсеткіш 93 %-ға дейін өсті. Ельцин маңызды шешімдер қабылдау үшін өзінің жарлық өкілеттіктеріне жиі сүйенсе, Путиннің осылай жасауға ешқандай қажеттілігі болмаған. «Біртұтас Ресей» өзін Путинді толығымен қолдайтын партия болып сипаттады және олар 2003 жылғы Дума сайлауында жеңіске жетіп, халықтың үштен бірінен астам дауысын алды.
Сайлау барысында оппозициялық партиялар да бірнеше стратегиялық қателіктер жіберді. Мысалы, «Яблоко» мен «Оңшыл күштер одағы» Путинге қарсы емес, бір-біріне қарсы жеңуге көбірек назар аударып, Путиннің сайлауда жеңіске жетуін жеңілдетті.
Экономика жақсара бергенде, Путин танымал емес олигархтарды тізгіндеуге көшті, Путиннің рейтингі жоғары болып қалды және ол 2004 жылғы президенттік сайлауда 71 % дауыспен жеңіске жетті. 2007 жылғы Дума сайлауында «Біртұтас Ресей» 64,3 % дауыс жинады. Коммунистік партия 11,57 % дауыспен екінші орынға шықты. «Біртұтас Ресейдің» ұлттық тізіміндегі жалғыз есім Путин болған еді.
2008 жылғы президенттік сайлауға «Біртұтас Ресей» Путиннің орнына Дмитрий Медведевті ұсынды. Медведев 71 % дауыс жинап, айқын жеңіске жетті. Президент ретінде Медведев Путинді премьер-министр етіп тағайындады, сол жылғы 15 сәуірде Путинның партия жетекшісі болуға үміткерлігі қабылданды, бірақ бұл оның мүше болатынын білдірмейтінін де мәлімдеді. Медведев те мүше болудан бас тартты.
Осы жылдары «Біртұтас Ресейді» президенттік және парламенттік сайлауды жалған қылды деген айыптаулар шыға бастады. Ресей аграрлық партиясы Дмитрий Медведевтің президенттігін қолдап, Біртұтас Ресей партиясымен 2008 жылы бірігетінін жариялады.
2011 жылғы 24 қыркүйекте өткен партияның XII-съезінде Медведев 2012 жылғы президенттік сайлауда премьер-министр Путиннің кандидатурасын қолдады. Медведев премьер-министр Путиннің Мемлекеттік Дума сайлауында партияны басқаруға ұсынысын қабыл алды.
«Біртұтас Ресейдің» сайлауалды бағдарламасы Медведев пен Путиннің сөйлеген сөзінде жарияланды. Медведев үкімет саясатының жеті стратегиялық басымдығын айтып кетті және Путин 36 миллион ресейліктердің 30 миллиард рубль көлеміндегі қате салық қарыздарын жоюды және 10 қазаннан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 6,5 пайызға көтеруді ұсынды.
2012 жылғы 26 мамырда өткен партияның XIII-съезінде Медведев «Біртұтас Ресейдің» төрағасы болып сайланды.[6] «Біртұтас Ресей» күзгі сайлау науқаны кезінде Медведев пен Путиннің портреттерінің қолданбауы шешілді.
2013 жылғы наурызда Красноярск өлкесінің Абанский ауданындағы «Единая Россияның» елуге жуық мүшесі партиядан шығатынын жариялады. Олар партия төрағасы Медведевке ашық хат (60 адам қол қойған) жолдады, онда олар өзінің саяси функциясын орындауды тоқтатқан партияның қызметін сынға алды.[7]
2017 жылғы қаңтарда Медведев партия жетекшісі болып қайта сайланды.
2021 жылғы Дума сайлауында партия Мемлекеттік думадағы өзінің басым көпшілігін сақтап қалды. Сайлау алдындағы сауалнамаларға жүгінсек, партияның қолдауы шамамен 30 % болған. Осының нәтижесінде партияның жалған сайлау өткізуімен айыпталды.
Ресейдегі жемқорлыққа назар аударған оппозициялық саясаткер Алексей Навальный партияны «алаяқтар мен ұрылар партиясы» деп атады және оның бұл лақап аты оппозициямен жиі қолданылатын болды.
Партия тағы өзінің тұрақсыздығы, жоспарсыздығы үшін сынға ұшырады. 2011 жылы орыс саясаттанушысы Глеб Павловский партия жайлы «Біз бейберекетсіздікті көріп отырмыз, онда ешкім ештеңеге сенімді емес: сайлауға алты ай қалғанда билік партиясы өзінің бағдарламасының қандай екенін, кімнің мүддесін қорғайтынын білмейді. Тіпті инвесторлар сайлаудан кейін Ресейден не күтетінін де білмейді» деген.[8] Өзінің «Новая Газета» газетасына қалдырған сұхбатында КПРФ басшысы Геннадий Зюганов партия жайлы ««Біртұтас Ресей» съезінде дүниеде, елімізде болып жатқан оқиғаларға байыпты талдау да, жақын болашаққа арналған бағдарлама да, қызықты шешімдер де, шынайы баға да болған жоқ. Үкіметтің келесі алты жылында арналып жасалған нақты ұсыныстары да мүлдем жоқ» деп айтқан.[9]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.