Меринос
From Wikipedia, the free encyclopedia
Меринос (ис. los merinos (көпше), merino (жекеше)) - биязы жүнді қой тұқымы. Оған жіңішке біртекті түбіттен тұратын аса бағалы жүн беретін ойлар жатады.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3f/Champion_Merino_ram_%281905%29.jpg/640px-Champion_Merino_ram_%281905%29.jpg)
Бұл тұқым б.з.б. 3-2 ғ-ларда Алдыңғы Азияда шығарылған деп есептеледі. Кейіннен Жерорта теңізі елдерінде,18 ғ-да Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Аустралия, Шығыс Еуропа (Ресей) елдеріне тарай бастады. Қазақстанға 19 ғ-дың аяғында әкелінген.
Меринос жүннің жіңішкелігі 14,0-25,0 мкм, ұзындығы 7,5 см. Қырыққан кезде 8-12 кг жүн алуға болады, одан 35-45% таза жүн алынады. 300-400 г. таза жүннен 1 м мата тоқылады. Республикада қой тұқымын асылдандыруда Рамбулье мен Прекос мериносы тұқымдарының маңызы зор. Осы тұқымдарды жергілікті қой тұқымдарымен шағылыстыру арқылы қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-мериносы, солтүстік қазақ мериносы, т.б. тұқымдары шығарылады.