From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақтың биязы жүнді қойы — ет, жүн өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. 1931 – 46 жылы жергілікті қазақтың құйрықты саулықтарын прекос және “америка рамбульесі” қошқарларымен зауыттық жолмен будандастырылып алынған. Кейіннен жүн сапасын жақсарту мақсатында аскания, алтай, грозный, австралия мериностары және полварс тұқымдарының қошқарларымен кіріспе будандастырылып, етті-жүнді бағыттағы алынған бұл қой тұқымы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы және шөлейтті аймақтардың жайылым жағдайларына жақсы бейімделген.
Қошқарларының тірідей салмағы 110 – 120 кг, саулықтарынікі – 60 – 65 кг. Олардан тиісінше 5,0 – 6,2 кг және 2,5 – 3,0 кг жүн қырқылады. Жүні қошқарларында 58 – 60, саулықтарында 60 – 64 сапаға жатады, оның ұзындығы 10 – 11 см (қошқарларында), 8 – 9 см (саулықтарында). 100 саулықтан 130 – 150 қозы алынады. Қой тұқымы бойынша жоғары өнімді 6 зауыттық желі (линия) сынақтан өткен.
Асыл тұқымды малдар Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтының К.Мыңбаев атынд. тәжірибе шаруашылығында, “Сарыбұлақ” және “Қаратал” тұқым мал зауыттары, Алдабергенов атындағы агрофирма мен “Ескелді”, “Көктал” шаруашылығында өсіріледі.[1][2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.