From Wikipedia, the free encyclopedia
Мария Луиза Пармская (исп. María Luisa de Parma, итал. Maria Luisa di Borbone-Parma; 9 желтоқсан 1751, Парма, Парм герцогствосы — 2 қаңтар 1819, Рим, Папа облысы) – Испания патшайымы және патша IV Карлдың әйелі.
Мария Луиза І Филипптың, Парм герцогының және оның әйелі француз ханшайымы Луиза Елизаветаның қызы болды. Оған Луиза Мария Тереза деген ат тағылса да, ол көбінесе Мария Луиза[1] атымен танымал болды. Ол Испандық V Филипп пен Францух XV Людовикке немере болып келген.
Франсиско Гойя оның портреттерін жиі салатын. Замандастар оны әлсіз және ұяң патшаны билеген әдепсіз және дөрекі патшайым деп сипаттаған. Кейбір дереккөздер бойынша оның күйеуінің премьер-министрі Мануэль Годой оның көңілдесі болды.
Мария Луиза Франциямен тұтқындалды, ал күйеуі 1808 жылы алдымен ұлы Фердинандтың пайдасына, ал сосын Наполеонның пайдасына Испания тағынан бас тартты. Мария Луиза, Годой және бұрыңғы патша қалған өмірлерін Испаниядан тыс жерде өткізген. Жұбайлар 1819 жылы Римде қайтыс болды. Олардың сүйектер Испанияға жеткізіліп, патшалық кесенеге көмілген болатын.
Кейбір мәлімет бойынша Мария Луизаның бірнеше баласы күйеуінен туған жоқ деген ой туындады.
Аты | туған күні | Қайтыс болған күні | Ескертпе |
---|---|---|---|
Карл Климент (Карлос Клементе) | 19 қыркүйек 1771 жыл | 7 наурыз 1774 жыл | Балалық шағында қайтыс болды |
Карлотта Хоакина (Карлота Жоакина) | 25 сәуір 1775 жыл | 7 қаңтар 1830 жыл | Португалияның патшайым-консорты |
Мария Луиза (Мария Луиса) | 11 қыркүйек 1777 жыл | 2 шілде 1782 жыл | Балалық шағында Ла-Гранхада[2]қайтыс болды. |
Мария Амалия | 9 қаңтар 1779 жыл | 22 шілде 1798 жыл | Жас кезінде қайтыс болды. |
Карл Доминик (Карлос Доминго) | 5 наурыз 1780 жыл | 11 маусым 1783 жыл | Балалық шағында қайтыс болды. |
Мария-Луиза | 6 шілде 1782 жыл | 13 наурыз 1824 жыл | Эртурия патшасына тұрмысқа шықты |
Карл Франциск (Карлос Франсиско) | 5 қыркүйек 1783 жыл | 11 қараша 1784 жыл | Балалық шағында қайтыс болды. |
Филипп Франциск (Фелипе Франсиско) | 5 қыркүйек 1783 жыл | 18 қазаң 1784 жыл | Балалық шағында қайтыс болды. |
Фердинанд (Фернандо) | 14 қазаң 1784 жыл | 29 қыркүйек 1833 жыл | Испания тағының мұрагері |
Карлос | 29 наурыз 1788 жыл | 10 наурыз 1855 жыл | Испания тағына мұрагер |
Мария Изабелла | 6 маусым 1789 жыл | 13 қыркүйек 1848 жыл | Неаполитандық патшайым, І Францисктың әйелі |
Мария Тереза | 16 ақпан 1791 жыл | 2 қазаң 1794 жыл | Балалық шағында қайтыс болды. |
Фелипе Мария | 28 наурыз 1792 жыл | 1 наурыз 1794 жыл | Балалық шағында қайтыс болды. |
Франциско де Паула де Бурбон (Франсиско Антонио) | 10 наурыз 1794 жыл | 13 тамыз 1865 жыл | Кадисс герцогы |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.