Манга
From Wikipedia, the free encyclopedia
Манга (漫画, マンガ, Манга? [ˈmɑŋgə] (ақп.)) жапон комикстері. Кейде комикку деп аталады (жапон. コミック)[1][2]. Қазіргі кездегі манга ертедегі жапон өнерінен дамығанымен, осы қалыпқа екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін[3] батыстық дәстүрдің әсерінен келді[4][5][6].
Жапонияда манганы барлық жастағы адамдар оқиды[7], ол көркем өнер ретінде де, әдеби құбылыс ретінде де сыйланады, сондықтан көптеген жанрдағы және әртүрлі тақырыптарға арналған шығармалар бар: хикаялар, романтика, спорт, тарих, юмор, ғылыми фантастика, қорқынышты әдебиет, эротика, бизнес және т.б[7]. 1950 жж. бастап манга жапон кітап баспасының үлкен саласына айналып[3], 2006 жылғы сауда айналымы 500 млн долларға жетті[8]. Ол әлемнің басқа бөліктерінде, әсіресе АҚШ-та, танымал болып[9], 2006 жылғы сатылым туралы ақпараттар 175-200 млн доллар деңгейінде болды[10]. Барлық дерлік манга қара-ала түспен салынып басылады[11], бірақ түсті мангалар да бар, мысалға «Colorful», оның аты ағылшын тілінен «түсті» деп аударылады. Танымал манга, көбінесе ұзақ манга-сериалдар желісі бойынша (кейде әлі бітірілмеген[12]) аниме түсіріледі. Экранизациялардың сценарийлары өзгеріске түсуі мүмкін: егер болса, төбелес пен шайқатар көрінісі жұмсартылады, мықты ашық сценалар алынып тасталады. Манганы салатын суретші мангака деп аталады, көбінесе сценарий авторы да сол мангака болады. Егер сценарий жазуды жеке адам қолға алатын болса, ондай сценарист генсакуша деп аталады (дәлірек айтқанда манга-генсакуша). Манга басқа бір анименің немесе фильмнің желісімен жасалуы мүмкін[13], мысалға «Жұлдыз соғыстары» бойынша. Бірақ аниме мен «отаку» мәдениеті мангасыз пайда болмайтын еді, себебі продюсерлердің аз бөлігі ғана комикс ретінде танымал болып, өз құнын ақтамаған жобаға ақшасы мен уақытын жұмсауға дайын[14].