сурет арқылы айтылатын хикаялар From Wikipedia, the free encyclopedia
Комикс (ағылш. comic — күлкілі) — идеяларды, бейнелерді сурет арқылы жеткізетін, мәтін мен визуалды ақпаратты қатар қолданатын әдебиеттің саласы.
Комикстың көптеген анықтамалары бар. Олардың барлығы ақыр соңында оның белгілі бір әңгіме туралы сөз шертетін суреттердің тізіміне сай келеді. Комикс - бұл хикая мен визуалды іс-әрекеттің бірлігі. «Комикстің мәні» (ағылш. Understanding comics) атты кітабында Скотт МакКлауд «бірізді кескіндер» іспетті қысқаша және «мағыналық бірізділікте көршілес суреттердің және басқа да кескіндердің» анықтама береді.
Комикстарда мәтіннің болуы қажет емес, интуициялық түсінікті сюжеті бар «мылқау» комикстер де бар (мысалы, «Арзак» Жана Жиро). Бірақ көп жағдайда комикстерде төл сөз автордың аузынан «үрленіп шығатын» филактердің - «сөздік көпіршіктің» көмегімен беріледі. Автор сөзі кадрдің үстінде не астында беріледі. Стандартты комикс 17х26 см мөлшерлі болып келеді.
Комикстер әдеби жанр бойынша, сурет салу жағынан да әр түріл болып келеді. Классикалық әбебиет туындыларынын еңбектері де комикс түріне бейімделеді. Тарихи қалыптасқан түрі қызықты оқиға түрі.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Comics |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.