Жапон тілі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жапон тілі (жапон. 日本語 [ɲihoŋgo] (ақп.)) — жапон халқының тілі. Жапонияның ресми тілі. Бұл тілде 130 миллионнан астам адам сөйлейді[1].
Жапон тілі | |
Өз атауы: |
日本語 |
---|---|
Елдер: |
Жапония, Гуам, Тайвань, КХДР, Оңтүстік Корея, Перу, Аустралия |
Сөйлеушілер саны: |
140 млн |
Рейтинг: |
9 |
Классификация | |
Санаты: |
Еуразия тілдері |
Жапон-рюкю тілдері | |
Жазуы: |
канжи, кана |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
япо 870 |
ISO 639-1: |
ja |
ISO 639-2: |
jpn |
ISO 639-3: |
jpn |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Жапон тілі – өзге тілдердің арасында даулы жүйелік жағдайлармен ерекшеленетін Жапонияның мемлекеттік тілі. Бұл тілді еркін меңгерушілер саны – 140 млн астам болса , 125 млн адамның ана тілі болып табылады. ( әлемде 9-шы орында). Жапон тілі екі атауда қолданылады. Атап айтқанда, әлемдегі өзге елдердің контекстерінде, шет елдіктерге жапон тілін үйретерде, «ниханго» атауы қолданылады, яғни ол сөзбе-сөз аударғанда «жапон тілі» деген мағынаны білдіреді. Алайда, ұлттық мәдениеттің бір бөлшегі ретінде, Жапониядағы оқу құралы ретінде, сондай-ақ, мемлекеттік және ана тіл ретінде, әдетте, ол «кокуго» деп аталады, яғни «мемлекеттік тіл» немесе «ұлттық тіл» дегенді білдіреді.