From Wikipedia, the free encyclopedia
Лукас Васкес Иглесиас (ис. Lucas Vázquez Iglesias; 1 шілде 1991 жыл, Куртис, Испания) — испан футболшысы, «Реал Мадрид» клубының әмбебап қорғаушысы.
Лукас Васкес | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері |
Куртис, Испания | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
173 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
70 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
жартылай қорғаушы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Номері |
17 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Карьерасын Испанияның төменгі лигаларында ойнайтын "Куртис", "Урале" клубтарында бастаған. 2007 жылдан бастап "Реал Мадрид" клубына келіп қосылды. Кейін "Реал Мадрид Кастилья" клубында 2014 жылға дейін ойнады. 2013 жылы команда "Сегундаға" жолдама алды да, Лукас Васкес "Реалдың" негізгі құрамына өтуге мүмкіндік алды. 2014 жылы "Эспаньол" клубына жалға берілді. Екінші турда "Севильяға" қарсы матчта жаңа клубының сапында тұңғыш рет алаңға шықты. Маусым бойы жақсы өнер көрсетті де, "Эспаньол" басшылығы оны біржола сатып алғысы келіп ұсыныс жасап еді, "Реал" тарапы келіскен жоқ. 2015 жылы "Реалға" қайта оралды да, негізгі құрам ойыншыларының біріне айнала бастады.
Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қарсаңында Грузияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. ЕУРО-2016 турниріне барған 23 футболшының қатарына іліккенімен, негізгі құрамда алаңға шыға алмады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.