Классикалық механика
From Wikipedia, the free encyclopedia
Классикалық механика — Ньютон заңдары мен Галилейдің салыстырмалық принципіне негізделген механиканың бөлімі. Осы себептен, классикалық механиканы кейде Ньютон механикасы деп атайды. Физикада классикалық механика кванттық механика екеуі физиканың екі ірі қосалқысы деп айтса да болады.
Классикалық механика келесі бөлімшелерге бөлінеді:
- Статика ( механиканың күш әсеріндегі материялық денелердің тепе-теңдік шарттарын зерттейтін саласы; механикалық жүйелердің тепе-теңдік күйін күш әсерімен зерттейтін механика бөлімі);
- Кинематика (механиканың, дене қозғалысының геометриялық қасиеттерін, олардың массасы мен әсер етуші күштерді ескермей зерттейтін бөлімі);
- Динамика ( механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі).
. Классикалық механиканың негізгі заңдылықтары:
- Ньютон заңдары
- Лагранжев формализмі
- Гамильтонов формализмі
- Гамильтон-Якоби формуласы
Классикалық механика ғарыштағы ғаламшарлардың, жұлдыздар мен галактикалардың, т.б. астрономиялық нысандарының, сондай-ақ снарядтардың, машиналар бөлшектерінің қозғалысын сипаттайды.
Негізгі түсініктер
Классиклық механиканың негізгі ұғымдары:
- Кеңістік
- Уақыт
- Санақ жүйесі.
- Масса.
- Материалдық нүкте, сондай-ақ:
Дереккөздер
- Тарг С. М.,Краткий курс теоретической механики,М.,Высшая школа,1995,isbn=5-06-003117-9,С. 287.
- Голубев Ю. Ф.,Основы теоретической механики,М.,МГУ,2000,720бет,isbn=5-211-04244-1
- Журавлёв В. Ф.,Основы теоретической механики,М.,Физматлит,2001,319бет,isbn=5-95052-041-3