From Wikipedia, the free encyclopedia
Кете (лат. Oncorhynchus keta) – қауырсын қанатты балықтардың Албырттар тұқымдасының Тынық мұхит албырттары тегінің анадромды балығы.
Кете | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Oncorhynchus keta (Walbaum, 1792) |
Қиыр Шығыста кездесетін албырт балықтардың бір түрі. Ұзындығы 1 м-ге дейін, салмағы 2,5—4,5 кг-ге дейін болады. Бұл балықтың шабақтары уылдырықтан шығады да, өзенлерде өсiп жетiледi. Сондықтан әр жаздың ортасында Тынық мұхитқа құятын өзендерде кета үйiрi пайда болады, олар мұнда уылдырық шашу үшiн келеді. Мұндайда адамдар: «Кета келдi»,- дейді. Балықтар өзендi бойлап, жоғары қарай өрлей бередi, көлденең жатқан көптеген кедергi тастардан, үйiндiлерден етiп, өзеннің бастауына жетеді. Мұнда кета өзеннен ұсақ шағыл тасты түбiне, яғни құм-шағыл тастардың арасына шағын ойыс ұя жасайды. Бұл ойысқа уылдырық шашып, оны құйрығы арқылы ұсақ, шағыл тастармен көмеді. Осыдан бастап екі апта бойы өз ұясын жауларынан тынымсыз қорғайды. Бұл балықтардың бәрiн қиыршығыс албырты деп атайды. Сонымен қатар кәсiптiк албырттар да бар: ақсерке, қаратеңіз және каспий албырты, көл албырты, кумжа және бахтах. Бул балықтар да, кета сияқты, мұхиттар мен теңізперде немесе үлкен көлдерде тiршiлiк етiп, уылдырық шашу үшiн өзендерге шығады. Тек бахтах қана ұзақ, сапарға шықпайды. Ол әдетте бiр ғана өзенде тiршiлiк етіп, сол өзенде уылдырық шашады. [1]
Кете сауда орындарына тоңазытылған, тұздалған және ысталған түрінде түседі. Кетені басытқы, бутерброд ретінде және салаттар әзірлеу үшін пайдаланады.[2][3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.