From Wikipedia, the free encyclopedia
Кеген ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бірлік. Орталығы – Кеген ауылы.
Қазақстан ауданы | |
Кеген ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
12 |
Ауыл саны |
34 |
Әкімі | |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, №19 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
43°10′08″ с. е. 78°50′56″ ш. б.43.16889° с. е. 78.84889° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы |
7 103[1] км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
28 323[2] адам (2023) |
Ұлттық құрамы | |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі |
041400-041432[4] |
Автомобиль коды |
05 |
Кеген ауданы 1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР құрамында бұрынғы Алматы округінің Қарқара және жартылай Еңбекшіқазақ ауданының жерлерінен құрылған.
1932 жылы 20 ақпанда Кеген ауданы Алматы облысының құрамына енді.
1933 жылы 1 мамырға қарай Кеген ауданында Бірлік-Сүмбе, Бөдеті, Жалаңаш, Есекартқан, Қайнар, Қарабұлақ, Қарашығанақ, Кеген, Кеңбұлақ, Көкбел, Қақпақ, Көмірші, Мерке, Мұрап, Нарынқол, Отырықшы-Сүмбе, Пияздық, Подгорный, Сарыжаз, Таушілік, Текес, Тоғызбұлақ, Ұзынбұлақ, Өкірші және Шалкөде ауылдық кеңестері болды.
1934 жылы №336 кеңшар, №337 кеңшар, №50 жылқы зауыты кенттік кеңестері құрылды. Қарашығанақ ауылдық кеңесі таратылды.
1935 жылы Кеген ауданынан жаңа Ұйғыр ауданына Бірлік-Сүмбе, Бөдеті, Пияздық, Подгорный, Тоғызбұлақ ауылдық кеңестері берілді.
1936 жылы Кеген ауданынан жаңа Нарынқол ауданына Есекартқан, Қайнар, Көкбел, Қақпақ, Көмірші, Мұрап, Нарынқол, Отырықшы-Сүмбе, Сарыжаз, Текес, Өкірші және Шалкөде ауылдық кеңестері берілді.
1943 жылы Кеген ауданының орталығы Кегеннен Жалаңашқа көшірілді.
1954 жылы Кеңбұлақ және Мерке ауылдық кеңестері таратылды.
1957 жылы №50, №336, №337 кеңшарлардың кенттік кеңестері сәйкесінше Қарқаралы, Шырғанақ және Тасбұлақ болып өзгертілді.
1959 жылы Тасбұлақ ауылдық кеңесі Алғабас ауылдық кеңесі болып өзгертілді.
1963 жылы 2 қаңтарда Кеген ауданына таратылған Нарынқол ауданының Жамбыл, Қақпақ, Қызылшекара, Ленин, Нарынқол, Сарыжаз, Текес және Шалкөде ауылдық кеңестері қосылды. Сол жылы Кеген ауданының орталығы Кеген ауылына қайтарылды.
1965 жылы Кеген ауданында Тұйық қала типтес кенті құрылды. Жамбыл, Көкпақ, Қызылшекара, Ленин, Нарынқол, Сарыжаз, Текес және Шалкөде ауылдық кеңестері қалпына келтірілген Нарынқол ауданына берілді.
1973 жылы Таушілік ауылдық кеңесі таратылып, Тасашы ауылдық кеңесі құрылды.
1979 жылы Саты ауылдық кеңесі құрылды.
1981 жылы Жылысай және Бөлексаз ауылдық кеңестері құрылды.
1997 жылы 23 мамырда Кеген ауданы таратылып, аумағы Райымбек ауданына берілді.[5].
2018 жылы 31 наурызда жеке аудан болып қайта құрылды.
Солтүстігінде Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарымен, шығысында Райымбек ауданымен, батысында Талғар, Қарасай аудандарымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
Аудан Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларының етегіндегі тау аралық аңғарда орналасқан. Аудан жерінде Аманжол, Көкжайлау, Саты, Қарақия, Қызыл-кезең, Сартасу (Шоқан асу) асулары бар. Таудан басталатын ағыны қатты Қарқара, Кеген, Талды, Шырғанақ, Иірсу, Кеңсу, Орта Мерке, Шет Мерке (бұлардың қосылуынан Шарын өзені құралады) Қарабұлақ , Шелек, Қайыңды, Жіңішке өзендері бар. Көлдері – Қайыңды, Қарақия, Көлсай. Пайдалы қазындылардан қорғасын, мырыш, көмір және құрылыстық тас, құм, балшық кездеседі.
Климаты қоңыржай, континенттік. Қаңтардың орташа температурасы 13,7 градус, шілдеде 14,8 градус ( Кеген станциясында). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-400 мм. Жері күлгін сұр, қиыршық тас аралас қоңыр, қара топырақты келеді. Шырша, қарағай, қайың, терек, үйеңкі, қарағаш, тобылғы, бозқараған, ақ селеу, бетеге, жусан т. б. өседі. Аңдардан сілеусін, түйебөрі, жабайы шошқа, марал, тау ешкісі (тау теке), қарақұйрық, түлкі, қарсақ, суыр, қасқыр, борсық, қоян; құстардан ұлар, қаршыға, ителгі, бұлбұл, көкек, қаз, үйрек т. б. кездеседі.
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[6] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|
13766 | ▲23639 | ▲39020 | ▲41682 | ▲43869 | ▼29003 |
Аудан халқының саны 32 415 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (99,36%), басқалары (0,64%).
Аудандағы 34 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Алғабас ауылдық округі | 1640 | ▼1090 | 66,5 | 827 | ▼590 | 71,3 | 813 | ▼500 | 61,5 |
Бөлексаз ауылдық округі | 1377 | ▼1012 | 73,5 | 708 | ▼514 | 72,6 | 669 | ▼498 | 74,4 |
Жалағаш ауылдық округі | 5470 | ▼4266 | 78 | 2706 | ▼2199 | 81,3 | 2764 | ▼2067 | 74,8 |
Жылысай ауылдық округі | 2176 | ▼1717 | 78,9 | 1097 | ▼896 | 81,7 | 1079 | ▼821 | 76,1 |
Кеген ауылдық округі | 9630 | ▼9087 | 94,4 | 4684 | ▼4595 | 98,1 | 4946 | ▼4492 | 90,8 |
Қарабұлақ ауылдық округі | 3188 | ▼2062 | 64,7 | 1608 | ▼1085 | 67,5 | 1580 | ▼977 | 61,8 |
Қарқара ауылдық округі | 2361 | ▼1819 | 77 | 1201 | ▼942 | 78,4 | 1160 | ▼877 | 75,6 |
Саты ауылдық округі | 1648 | ▼1230 | 74,6 | 851 | ▼632 | 74,3 | 797 | ▼598 | 75 |
Тасашы ауылдық округі | 1677 | ▼1094 | 65,2 | 847 | ▼578 | 68,2 | 830 | ▼516 | 62,2 |
Тұйық ауылдық округі | 1296 | ▼1008 | 77,8 | 637 | ▼500 | 78,5 | 659 | ▼508 | 77,1 |
Ұзынбұлақ ауылдық округі | 3157 | ▼2551 | 80,8 | 1621 | ▼1352 | 83,4 | 1536 | ▼1199 | 78,1 |
Шырғанақ ауылдық округі | 3131 | ▼2067 | 66 | 1554 | ▼1058 | 68,1 | 1577 | ▼1009 | 64 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 36751 | ▼29003 | 78,9 | 18341 | ▼14941 | 81,5 | 18410 | ▼14062 | 76,4 |
Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 536,0 мың га (1972), оның ішінде егістік 56,5, тыңайған жер 1,1, шабындық 20,9 жайылым 457,5 мың га. 1971 жылғы егісі 72,5 мың га, оның 57,2 мыңына дәнді дақылдар егілді. Аудан негізінен мал шаруашылығымен шұғылданады. 1971 жылдың басында 20,9 мың мүйізді ірі қара, 267,9 мың қой мен ешкі, 10,5 мың жылқы, 86,5 мың құс болды. Қазақтың арқар-меринос қойының тұқымы осы ауданда шығарылған. Аудан автомобиль жолымен қатынасады. Кеген ауданында 37 мектеп, 7 клуб, 47 кітапхана, 35 кино қондырғы, 9 аурухана бар. Қазақ тілінде (1931) «Коммунизм нұры» газеті шығарылады. Орта ғасырлық 36 тас және топырақ қорғандарының, мазарлардың орны сақталған. Бірнеше жерден мыс, қорғасын қорытқан ошақтар мен тасқа түсірілген жазулар табылды.[9][10]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.