Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қаздар (лат. Anserinae) — Қазтәрізділер отрядына жататын құстардың тұқымдас тармағының бірі.
Anserinae | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Domestic geese
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||
Cygninae |
Қаздардың мойын омыртқасының саны 21-ден аспайды. Жыныстық диморфизм қаздарда болмайды. Олар әсіресе тундралы аймақта көп болады. Қаздар көбінесе құрғаққа ұялап, құрғақта оттайды, су оларға сусындау, түлеу және кейде демалу үшін ғана керек болады. Олар суда жақсы жүзе алады, бірақ сүңги алмайды. Қаздардың барлық түрлері 6—12 жұмыртқа салады да, балапандарын 25—28 күн басып шығарады, олар бір тәуліктен соң енесіне ере бастайды. Қаздардың еті өте құнды, мамығы да пайдалы.
Олардың барлық түрлері 40-тан асады, ал біздегі түрлері — 11. Бұлардың ішіндегі көп кездесетіні: — сұр қаз. Сонымен қатар бір жерде болып, бір жерде болмайтын түрлері: құртұмсық қаз, сұрала қаз, қазанқақтар (казаркалар). Қаздардың жиі кездесетін түрлері:
Сұрала қаз (Anser fabalis) — Америкада болады; бұған сұрала қаз, шолақтұмсық қаздар жатады.
Австралия қазы (Cereopsinae) — денесінің ұзындығы 90 см, қанаты — 55 см ірі құс, Австралияда (Тасманияда, Австралияның оңтүстігінде, Викторияда) тіршілік етеді; балапанын 30 күн басып шығарады. Австралия қазы тек шөппен қоректенеді.
Тепкішекті қаздар (Ріесtopterinae) — көбінесе Африка мен Мадагаскарда кездеседі, бұлардың түрлері —16. Басқа жерге көндікпейді, қолға үйренгенімен көбейе алмайды.
Ақ қаз (Chen hyperboreus) — денесінің ұзындығы 86 см, қанаттары — 160 см. Ересектерінің түсі — ақ, жас түрінікі— шұбар болады; кездесетін жерлері — Американың солтүстік-батысы мен шығысы; бұрынғы КСРО-да — Чаун түбегінен бастап Беринг бұғазына дейінгі жерлер. Ақ қаз көктемде өсімдік тамырымен, жазда шөппен, ал күзде тундрадағы өсетін түрліше жидектермен коректенеді; сонымен қатар тұщы сулар мен теңіздегі түрліше майда жәндіктерді жейді. Қолға тез үйренеді.
Нил қазы (Chenalopex aegypticus) — көбінесе Африканың, кейде Еуропаның оңтүстігінде мекендейді;
Тауық қаз (Cereopsis novaehollandiae) — денесінің ұзындығы 90 см, қанаты — 55 см, еті дәмді;
Сұрала қаз (Anser anser) — бұл қазіргі кездегі асыранды қаздардың ататегі. Мұның арқа жағы сұр-қоңырқай, ал бауыры сарғыш-сұр түсте болады. Денесінің ұзындығы 98 см, екі қанатының ұзындығы—170 см. Сұрала қаз құрлықта қоректеніп, сонда тіршілік етеді деуге болады. Олар өсімдіктердің бүршіктерімен, жапырақтарымен, тұқымдарымен қоректенеді. Сұрала қаздың жастары 5—6, ал егделері 14-ке дейін жұмыртқа тауып, балапанын 28 күн басып шығарады. Жастарының еті өте дәмді, мамығы асыранды қаздікінен де құнды болады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.