Карл Дөниц
неміс әскери және мемлекеттік қайраткер, гроссадмирал. Германия әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы (1943–1945) және рейхспрезиденті / From Wikipedia, the free encyclopedia
Карл Дөниц немесе Дениц (нем. Karl Dönitz ['karl ˈdøːnɪts] тыңдау; 16 қыркүйек 1891(18910916), Берлин, Герман империясы — 24 желтоқсан 1980, Аумюле (нем.)қаз., Шлезвиг-Гольштейн, Германия) — неміс әскери, мемлекеттік және саяси қайраткері, Адольф Гитлердің өзін-өзі өлтіргеннен кейін ізбасар ретінде қысқа мерзімге рейхспрезидент лауазымымен ауыстырға[дерек 1][6]. Мемлекет басшысы және Германия қарулы күштерінің бас қолбасшысы лауазымдарын 1945 жылдың 30 сәуірінен 23 мамырына дейін атқарған[7].
Карл Дөниц нем. Karl Dönitz | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
30 сәуір — 23 мамыр 1945 | ||||
Премьер-Министр | Йозеф Геббельс (30.04 — 01.05.1945) Людвиг Шверин фон Крозиг | |||
Ізашары | лауазым қалпына келтірілді; Пауль фон Гинденбург (1934); Адольф Гитлер (фюрер ретінде) | |||
Ізбасары | лауазым жойылды | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | НСДАП (1944—1945)[1] | |||
Азаматтығы | Герман империясы (1890—1918) Герман мемлекеті (1919—1933) Нацистік Германия (1933—1945) Германия (1955—1980) | |||
Діні | протестантизм | |||
Дүниеге келуі | 16 қыркүйек 1891 (1891-09-16) Берлин, Герман империясы[2] | |||
Қайтыс болуы | 24 желтоқсан 1980 (1980-12-24) (89 жас) Аумюле (нем.)қаз., Шлезвиг-Гольштейн, Германия[3][4] | |||
Жұбайы | Ингеборг Вебер | |||
Балалары | үш баласы | |||
Әскери қызметі | ||||
Атағы | гроссадмирал | |||
Шайқасы | Бірінші дүниежүзілік соғыс, Екінші дүниежүзілік соғыс | |||
Қолтаңбасы | ||||
өңдеу |
1943 жылдың қаңтарында Дөниц гроссадмирал (нем. Großadmiral) атағын алып, Эрих Радердің (нем.)қаз. орнына әскери-теңіз күштерінің (Кригсмарине) Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Дөниц Екінші дүниежүзілік соғыстың теңіз тарихындағы басты тұлға болды. 1939 жылдан 1943 жылға дейін Дөниц басқарған сүңгуір қайықтар тиімді шайқасты, бірақ 1943 жылдың мамырынан бастап бастамасын жоғалта бастады. Дөниц қарулы күштерінің басқа түрлеріне қысымды жеңілдету үшін өзінің сүңгуір қайықтарына 1945 жылға дейін күресуді бұйырды[8]. 648 сүңгуір қайық қаза тапты — олардың 429-ы аман қалмады[9]. Сүңгуір қайықтарда қызмет еткен 40 000 адамның шамамен 30 000-ы қайтыс болды[9].