Протестантизм
From Wikipedia, the free encyclopedia
Протестантизм (лат. protestatio, onis f [protestor] — қарсылық, келіспеушілік) — Рим Католик шіркеуі және Православ шіркеуімен бірге христиан әлемінің басты бөлімшелерінің бірі болып табылады. Протестанттық Реформация (Еуропадағы XVI ғасырдағы Рим-католик шіркеуінің қарсы қозғалысы) кезінде пайда болған христиан сенімі мен практикасының нысаны болып табылады. Протестантизмнің басы – өткен христиандық дәстүрді мойындамау, мирасқорлық және католиктік шіркеудің теріс сипаты, сонымен қатар барлық шіркеулік өсиеттен, үздіксіз шіркеулік тарихи болмыстан бас тарту. Шіркеу І ғасырда пайда болған, енді ол апостолдық білімнің діни оқуының тазалығына қайтып келуі арқылы қайта дамуға тиіс. Әсіресе Киелі Жазбаның тікелей және терең мағынасына назар аударылады. Шіркеу – тек діндарлардың жиылысы, оның іші көз жеткізгісіз және құпия, ал көз көрерлігі тек көз жеткізгісіздің нышанын көрсетеді. Протестантизмде шіркеудің көзге көрінетіні мен көрінбейтіні арасындағы шынайы байланысты түсіндіру, Құдаймен жеке сұхбаттасу – сенімнің жалғыз негізі болады. Шіркеудің көмегінсіз сенімнің негізін табу мүмкін емес. Протестантизм салтсыз құбылыс, сондықтан Киелі Жазбадағы “жеке-ақыл-парасат” жылдам көбейеді. ХІХ-ХХ ғасырларда протестантизмнің шеңберінде көптеген секталар пайда болды. Олардың ішінде “Исаның шәкірттері”, “7-ші күннің адвентистері”, “Иегова куәгерлері”, “Христиандық ғылым” және т.б. айтуға болады.[1]
Реформация жақтаушыларыныӊ көзқарасы бойынша Рим-католик шіркеуі бастапқы негізгі христиандық принциптерінен кетіп қалып, ортағасырлық схоластикалық діни ілімдері мен әдеп–ғұрыптарын араластырған.
Діни қозғалысыныӊ көсемі Мартин Лютер болған. Оныӊ алғашқы шіркеу саясатына қарсы аттануы 1517 жылы болған. Мартин Лютер шіркеулердіӊ индульгенциялармен саудаласқанын айыптап, шіркеудіӊ есігіне өз көзқарасын анықтайтын 95 тезистан тұратын петициясын шегемен қағып кеткен.